Ресейде VTimes басылымы «шетел агенті» деп таныған соң жұмысын тоқтатады

Ресейдің Әділет министрлігі VTimes басылымын «шетел агенті» деп танығаннан кейін 12 маусымнан бастап жабылатынын хабарлады. VTimes «саясат және оппозиция туралы жазатын БАҚ» саласында жұмыс жасап, қызметкерлерге қауіп төндіргісі келмейтінін жазған. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Басылымды «шетел агенті» деп таныған соң VTimes бизнес-моделі жойылды. Біз бұл басылымды бизнес үшін жасадық. Жарнама берушілер мен серіктестер шетел агентімен жұмыс жасай алмайды. Сондықтан оларды мұндай көзқарасы үшін айыптай алмаймыз. Шенеуніктер мен бизнесмендер шетел агенті деп танылған БАҚ-пен сөйлесуге қорқады. Бұл жағдайдан соң материал дайындау өте қиын.

VTimes мәлімдемесі

Бұған қоса, VTimes басылымы БАҚ-тың жабылуына оқырманнан түсетін қаржының аз болуын алға тартты.

VTimes өзінің тәжірибесіне сүйеніп, билікке тәуелсіз және кәсіби медианың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Басылымның мәлімдемесінде «қоғамдағы пікір алмасу алаңын» құруды және «бизнеспен қоғамды дамыту үшін оң мысалдар мен тың идеяларды табуды» жоспарлағаны жазылған.

Контекст

  • VTimes  —  2020 жылдан бастап жұмыс жасаған тәуелсіз басылым. БАҚ-та аналитикалық, қоғамдағы жағдай және саяси материалдар жарияланған. Бұрын «Ведомости» газетінде жұмыс жасаған журналистер VTimes басылымын негізін қалаған.
  • Ресейдегі «шетел агенті» тізімінде 20-ға жуық ұйым бар. Жақында «Медуза» сайты да «шетел агенті» деп танылған. Бұл тізімге енген БАҚ-тардың жұмыс жасауы қиындайды.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz