Протасевичтің жақында ашылған Twitter парақшасы бұғатталды

Белорусьтік оппозициялық блогер Роман Протасевичтің Twitter парақшасы бұғатталды. Бұл туралы Interfax.ru сайты хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша, оппозиционердің парақшасына кірген сәтте «аккаунт тоқтатылды» деген хабарлама пайда болады. Сонымен қатар, Svoboda.org дерегінше, желідегі аккаунтты кім жүргізетіні белгісіз.

7 шілдеде Протасевичтің Twitter желісін қолданып жатқаны туралы хабарланған. Сол күні жарияланған видеода құрбысы София Сапегамен бірге қала сыртында үйқамақта екенін айтты.

Контекст

  • 25 маусымда Протасевичтің әкесі Дмитрий Протасевич журналистерге ұлының үйқамақта екенін айтты. Әкесінің сөзінше, Сапега мен Протасевичке тағылған айып жойылмаған және әлі де биліктің толық бақылауында.
  • 23 мамырда «Беларусь головного мозга» авторы және NEXTA телеграм арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич Минск әуежайында ұсталған. Оппозициялық блогер «Афина- Вильнюс» бағытындағы Ryanair ұшағының бортында болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz