Фейк | Ресейде нәрестенің атын Ковид деп қойды

6 сәуір таңертең Ресейдің федералды БАҚ-тары (Lenta.ru, Ura.ru, Regnum.ru), оның артынша украиндық (Facty.com.ua, TSN.ua) және қазақстандық БАҚ (Sputnik.kz, Ratel.kz, Lada.kz) новоскузнецктік отбасы дүниеге келген сәбиіне Ковид есімін қойғаны туралы жарыса жазды. Көптеген басылым кешке қарай мақаланы өшіріп тастағанымен, жаңалық тарап үлгерді.

Баланың есіміне қатысты жаңалықтың рас-өтірігін Factcheck.kz тексерді.

Үкім: фейк

Әуелде жаңалық «Кузпресса» сайтында жарық көрді (қазір парақша жабық). Авторлар жаңалықтың әзіл екенін жасырмаған, өйткені материалдың соңында «Аман болыңыздар! Бірінші сәуір құтты болсын!!!» деген жазу бар.

Фейк | Ресейде нәрестенің атын Ковид деп қойды

Бір апта өткен соң Ura.ru журналисі жаңалықты көшіріп басты, бірақ бұл жолы қалжыңсыз. Материал былай толыққан: «Есім әдемі естіледі, күшті және ерекше. Бұл Ваня, Саня, Толя немесе Коля емес. Ешкіммен шатастырмайсыз». Ол Кузпресса сөзін ешқандай келекесіз келтірген.

Түске қарай жаңалықты ресейлік федералды арналар таратты, ал кешке жақын қазақстандық ақпарат кеңістігіне де келді. 360tv.ru жаңалықтың жалған екенін анықтады, ал «Комсомольская правда» аймақтық-ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі Юлия Кухтинадан пікір алды. «Кемер облысында мұндай аты бар бала тіркелмеген», деді АХАЖ қызметкері.

Бұған дейін, The Guardian мен IndiaToday хабарлауынша, үндістандық ата-ана балаларына шынында Ковид және Корона есімдерін берген (мұны журналистерге ата-ана айтты: дегенмен бұл аттар ресми реестрде тіркелген бе, белгісіз).

Журналистка, фактчекер, тренер по медиаграмотности. Создательница проекта «Монитор», занимающегося контролем обещаний и деконструкцией пропаганды в российских медиа.

Factcheck.kz