ДДСҰ: коронавирустан өлім мен D дәрумені тапшылығы арасындағы байланыс дәлелденген жоқ

Covid-19 коронавирус инфекциясынан өлім мен D дәрумені тапшылығы арасындағы байланыс дәлелденген жоқ. ДДСҰ-ның бұл мәлімдемесін РБК хабарлайды.

ДДСҰ Елизавета патшайымның ауруханасы мен Шығыс Англия университетінің қоры жасаған зерттеулерге түсініктеме берді. Зерттеу Research Square журналында жарияланған. Ғалымдар коронавирус жұқтырған Еуропаның 20 елінің тұрғынындағы Д витаминінің орташа деңгейін COVID-19 өлім статистикасымен салыстырды. Зерттеушілер Испания мен Италияның тұрғындарында, әсіресе коронавирус жұқтыруға бейім қарт адамдарда дәрумен тапшылығы барын анықтады.

Сондай-ақ, басылым ғылыми зерттеулерді бұрмалауға қарсы іс-қимыл жөніндегі РҒА комиссиясының баспасөз хатшысы Петр Талантовтың пікірін сұрады. Ол зерттеу D дәруменінің коронавирус жұқтыру ықтималдығына немесе ауру ағымына әсері етпейтінін хабарлады.

“Біріншіден, бұл рецензияланған ғылыми журналдағы мақала емес, бұл рецензияланбаған, кез келген нәрсені жазуға болатын препринт. Екіншіден, таңдалған әдістеме қойылған сұраққа жауап бермейді”

Петр Талантов

Зерттеу әдістемеге клиникалық эксперименталды медицина институтының жетекші ғылыми қызметкері, вирусология профессоры Александр Чепурнов та күмән келтірді. Оның айтуынша, ел бойынша D витаминінің деңгейі мен жұқтырғандар саны бойынша статистиканы салыстырған кезде көп қате кетуі мүмкін.

Ал инфекционист, вирусолог, медицина ғылымының докторы Николай Малышев ғалымдар ұсынған ақпаратты өзекті емес деп санайды. Ол РБК-ны ауру себебін тек бір дәруменнен іздеу жұмыстары «40 жыл бұрын» жасалған.

ДДСҰ 2017 жылы D дәруменінің тапшылығы иммун жүйеге әсер етуі мүмкін, өйткені ол шырышты қабықтың қорғаныс функцияларын арттыруға ықпал ететінін айтқан еді. Сол кезде ұйым респираторлық ауруларға қарсы дәрумендердің қорғаныш әсерін көрсететін бірқатар зерттеулерін жариялады.

Factcheck.kz