Baq.kz сайтында мамырдың 10-ы күні «Елімізде бар-жоғы 200 фармаколог бар» деген тақырыппен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Майлыбаев мырзаның мәлімдесі жарияланған болатын. Депутат еліміздегі фармаколог мамандардың тапшылығын, атап айтқанда 900 маманның жетіспейтінін айтқан болатын.

Үкім: Жалған
Ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдаған болатынбыз. Министрліктің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бізге берген жауабы бойынша, бүгінгі таңда Денсаулық сақтау жүйесінде 57 фармаколог жұмыс істейді. 2017 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық деректер бойынша (жұмыспен қамтылмаған лауазымдар бойынша), 40 (штаттық бірлік) фармаколог жетіспейді.

Авторы: Думан Смақов
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.