Халықаралық сот Си Цзиньпин мен Рим Папасын айыптап, COVID-қа қарсы вакциналарға тыйым салғаны рас па?

Instagram желісінің қазақстандық секторында «Регион ЕврАзия» ресурсының бас редакторы (паблик сипаттамасында осылай көрсетілген) @zhanar.daulet деген қолданушының арқасында жаңа қастандық «сенсациясы» пайда болды. Ол бұған дейін де фейк жариялаған еді.

Пост мәтінінде белгілі бір «Жалпы құқық жөніндегі халықаралық соты» 2013 жылы «Папа Бенедиктті қызметінен алып тастады … Pfizer, GlaxoSmithKline, Қытай және Ватиканның жоғары лауазымды тұлғаларын адамзатқа қарсы қылмыстары үшін кінәлі деп танып, COVID корпорациясына соққы берді. Сот үкімі жетпіс бес адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, олардың активін тәркілеп, корпорациясын таратады және олардың COVID-қа қарсы вакциналарын одан әрі өндіруге, сатуға немесе пайдалануға заңды түрде тыйым салды…» деп мәлімдейді.

Халықаралық сот Си Цзиньпин мен Рим Папасын айыптап, COVID-қа қарсы вакциналарға тыйым салғаны рас па?

Жанар Дәулет коронавирусты сутегі асқын тотығымен, қатерлі ісік ауруын сарымсақпен емдеуге шақыратын, қастандық теориялары мен ғылымға қарсы мәтіндер мен видеоларды жариялайтын Rainboway сайтына сілтеме жасайды. Осыған ұқсас жазбалар Ресей мен Балтық елдерінде де таралып жатыр.

Үкім: Фейк

«Жалпы құқық жөніндегі халықаралық сот» – канадалық Кевин Аннеттің қиялынан туған, негізі, жоқ ұйым. Ол өзін «Брюссельдегі жалпы құқық сотының және прокуратураның бас кеңесшісі» деп атайды. Бұрынғы пастор Кевин Аннет 1997 жылы қастандық теорияларын таратқаны үшін ғибадат етуден шеттетілді. Біздің Reuters-тегі әріптестеріміз Канада Біріккен Шіркеуінің аймақтық кеңесінің толығырақ хабарына сілтеме жасай отырып, былтырғы қараша айында жексұрын кейіпкер туралы жазған.

Дәл сол материалда Reuters Кевин Аннет ойлап тапқан осыған ұқсас жалған деректі жоққа шығарды. Ол бойынша қазіргі Рим Папасы Франциск дәл сол жалған «Жалпы құқық жөніндеі халықаралық сотынан» тұтқындауға ордер алған. Айтпақшы, Рим Папасы XVI-шының Бенедикт қызметінен босатылуы туралы әңгімені де Snopes жоққа шығарды.

Бұл қауесеттердің дереккөзі «Шіркеу мен мемлекетке қарсы қылмыстар жөніндегі халықаралық трибуналдың» сайтында жарияланған расталмаған материалдар болды, оны сол Аннет ойлап тапқан, ол жай ғана блог және оны бір адам жүргізеді (әрине, Кевин Д.Аннет)

Айтпақшы, Snopes Аннет туралы бірнеше рет жазған. Мысалы, оның корольдік отбасы мүшелерінің жалаңаш балаларға көз тігуі туралы тағы бір фейкін жоққа шығаратын материалда ресурста былай жазылады:

Аннет өзін шын халықаралық ұйым етіп көрсетеді және бірнеше дұрыс адамды (және көптеген есі ауысардай қастандық теоретиктерін) алдап үлгереді… Ол өте әдемі сәнделген, ресми көрінетін құжаттарды және осындай контент жасайды. Аннет екі Рим Папасын геноцид және бала саудасы үшін «соттап», оларды «халықаралық қамауға алуға ордер» берді. Ол Канаданы тарату туралы да мәлімдеме жасап, оны Каната Республикасымен алмастырды.

Корольдік аңшылық туралы жалған ақпарат әсерлі мәліметтерге толы, мысалы, белгілі бір сарайда еркектің кесілген жыныс мүшесі түріндегі трофейлердің бар екені айтылады.

Қазір біз оның жаңа идеясы – Pfizer, GlaxoSmithKline, Қытай және Ватикан шенеуніктерінің сот ісін жүргізуіне қатысты ісін біліп отырмыз. Zhanar.daulet-тің постында орыс тіліндегі эзотерикалық-конспирациялық Rainboway сайтының хабарламасына сілтеме жасалған. Онда дереккөз – Аннет сайты – murderbydecree.com сілтемесі мен бұрынғы пастордың сөзі бар видео бар. Ол өзін «Брюссельдегі жалпы құқық сотының және прокуратураның бас кеңесшісі» деп таныстырады, содан кейін «қаулы мен үкімді» оқиды. Қараңызшы, бұл өте күлкілі.

Халықаралық сот Си Цзиньпин мен Рим Папасын айыптап, COVID-қа қарсы вакциналарға тыйым салғаны рас па?
Видео скриншоты

Аннет геноцид, адам саудасы, киднеппинг, есірткі траффигі, адам ағзалары, қару-жарақ сату, ковидке қарсы Pfizer, GlaxoSmithKline вакциналарын жасау үшін соңы өлімге әкелетін эксперименттерде балаларды өлтіру үшін сотталған 75 адамның арасында Си Цзиньпин, Королева Елизавета және Джастин Трюдо бар…

Айтпақшы, About Kevin қосымша парағында өзінің сайтында ол «әйгілі жаһандық құқық қорғаушы, жазушы және әшкерелеуші, Канада мен Еуропадағы шіркеулер мен елдерде балаларды өлтіргені үшін қудалау қозғалысын басқарған. Шіркеу және мемлекет қылмыстары үшін халықаралық трибуналдың негізін қалаушы және екі рет Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылған».

Кевин Аннетт туралы шындық

Бұл жерде шындық мынада: Кевин Аннетт – жазушы, ол Amazon-да кітаптарын сатады. Оның ең танымал кітабы – «Убийство по указу» (2016). Онда ол «Канаданың ақиқат пен татуласу жөніндегі комиссиясы» мақсатты мемлекеттік саясаттың арқасында әлі де болып жатқан жергілікті геноцид фактілері туралы ештеңе демейтінін мәлімдейді (2016) (біз бұл туралы ештеңе айта алмаймыз, кітаптың «Международным трибуналом по делам пропавших без вести Канады» шығарғаны көрсетілген (ондай ұйым, шын мәнінде, жоқ – ескерту).

Өткен және алдыңғы ғасырларда Канадада жергілікті халықтардың балаларына арналған интернаттар болған, оларды шіркеу басқаратын. Америка Құрама Штаттарында осындай мекемелерді мемлекет басқарған. BBC канадалық мектеп-интернаттарда 150 мыңға жуық бала күштеп ұсталғанын жазады. 2021 жылғы жазда кейбір мектептің алаңында жүздеген белгісіз бейіт пен балалардың сүйектері табылған кезде қайғылы және қорқынышты мәліметтер анықталды.

Көптеген фейк және әртүрлі жалған ақпараттың көзі саналатын Аннеттің сайты оның «Убийство по указу» (Murderbydecree.com) кітабымен аттас, басты бетте кітапты электрон түрде тегін жүктеп алу ұсынылады немесе Amazon-да қағаз түрінде 12 долларға тапсырыс беруге болады. Сонымен бірге, Канада үшін осындай нәзік тақырыпта кітап жазу автордың азаматтық белсенділігінің суреттелуі ме, әлде керісінше, популизмнің белгісі ме, белгісіз.

Анықтама үшін: бұл Халықаралық сот (International Court of Justice) БҰҰ-ның алты негізгі бөлімшелерінің бірі саналады, ол Гаагада орналасқан. Еуропалық Одақтың соты Люксембургте орналасқан.

Қорытынды

  • Фейктің қызығы сол, оны шын мәнінде жоқ сотты бар етіп көрсететін адам құрастырған.
  • Талдаудың кейіпкері – Кевин Аннет – бұрынғы пастор, 90-жылдары қастандық теорияларын таратқаны үшін ғибадат етуден шеттетілген, белгілі бір халықаралық беделді ұйымдар мен құжаттарға еліктеу арқылы үнемі фейк жасайды. Оның үстіне, ол өзін BBC сияқты танымал БАҚ ретінде көрсетіп, жалған ақпарат тарататын фейк радиостанцияларын (bbsradio.com) жасайды.
  • Фейк авторы Amazon-да сататын бірқатар кітаптың да авторы.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz