Вакцина алмаған аустралиялықтарға қоғамдық орында жөтелгені үшін айыппұл салады — фактчекерлер тексерді

Әлеуметтік желіде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған Аустралия тұрғындары басқа адамдардың жанында жөтелгені үшін үлкен айыппұл салынып, тіпті бас бостандығынан айырылады деген ақпарат тарап жатыр. Ресейлік «Проверено!» басылымы бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

Желіде айтылған хабарлама бойынша, 17 желтоқсаннан бастап Аустралияда вакцина салмаған азаматтарға 13 мың долларға дейін айыппұл салу немесе қоғамдық орындарда түшкіріп, жөтелгені үшін алты айға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаңа заң күшіне енуі керек.

Фактчекерлер 2020 жылдың сәуірінде Аустралияның Квинсленд штатының премьер-министрі мен денсаулық сақтау министрі азаматтарға коронавирустың таралуына қарсы жаңа шара туралы бірлескен мәлімдеме жасағанын анықтады. Атап айтқанда, бұл мәлімдемеде: “қызметкерлер мен жұмысшыларға, соның ішінде сатушыларға әдейі жөтеліп, түшкірген немесе түкірген адамдарға 13 345 аустралиялық доллар айыппұл салынуы мүмкін” делінген.

Жаңа ереже пандемия кезінде жұмыс жасайтын дәрігерлерді, полиция қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, дүкендегі сатушыларды және курьер мен ұстаздарды қорғауға арналған. Бұл ережеге сәйкес жаза ретінде айыппұл салуды ғана қарастырады. Түрме жазасы қарастырылмаған.

2021 жылдың тамызында Квинсленд билігі ережені жаңартты. Заңға сәйкес айыппұл мөлшері біршама ұлғайтылды (орнында 1378 австралиялық долларға дейін және сот шешімімен 13 785-ке дейін), ал ең қатаң жаза ретінде алты айға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Яғни, Квинсленд үкіметі қабылдаған екі заң да әдейі түшкіру мен жөтелге қатысты ереженің тек вакцина салдырмаған азаматтарға қолданылады деп айтылмаған.

Бұл шара тек вакцина алмаған адамдарға қатысты емес.

Мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Осылайша, желіде тараған заңнамалық норма 17 желтоқсаннан бастап емес, бұрыннан бар. Алайда коронавирусқа қарсы шаралар желі қолданушылары дұрыс түсіндірмеген. Бұл ереже вакцина салдырғандарға және салдырмағандарға да қатысты айтылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz