Уханьда мысықтардан коронавирус анықталғаны рас па?

4 сәуірде Газета.ru жариялаған материалда «Уханьда коронавирусқа талдау алынған мысықтардың 15%-ынан инфекция анықталды. Мұндай қорытындыны Ухань вирусология институты мен Хуачжун ауылшаруашылық университетінің ғалымдары жасады, деп хабарлады bioRxiv сайты», делінген. Әңгіме «SARS-CoV-2 мысықтарда вирусты бейтараптандыратын антидене: серологиялық зерттеу» туралы болып отыр. Жоғарыда аты аталған ұйымдардан бөлек, зерттеуге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық диагностика өнімдерін дамыту лабораториясының қызметкерлері қатысты.

Уханьда мысықтардан коронавирус анықталғаны рас па?

Үкім: Манипуляция және жартылай шындық

Біріншіден, Ухань мысықтарынан COVID-19 анықталды деген тақырып пен материалдағы алғашқы мәтін шындыққа да, ары қарай баяндауға да келмейді. Мәтінде «зерттеу аясында вирус тарағанға дейін 39 және тарағаннан кейін 100 мысықтан қан талдауы алынған… Коронавирус тарағанға дейін мысықтар індет жұқтырмаған болатын, бірақ вирус тарай бастаған соң 102 мысықтың 15-і инфекция жұқтырғаны мәлім болды» делінген. Газета.ru сілтеме берген зерттеуге 143 мысық қатысқан. Ауқымы аз екеніне келісетін шығарсыздар. Мұндай зерттеулер туралы біз жазған болатынбыз.  

Екіншіден, BioRxiv порталы (биология саласындағы ғылыми алдын ала зерттеулер сервері) коронавирус тақырыбымен жарияланған зерттеудің барлығына мынадай анықтама береді:

BioRxiv порталына SARS-CoV-2 коронавирусына қатысты көптеген жаңа жұмыстар келіп түсуде. Ескерту: бұлар рецензиялаудан өтпеген алдын ала есептер. Оларға сенімді ақпарат көзі ретінде қарау, клиникалық тәжірибе/әрекетте басшылыққа алу немесе оны бұқаралық ақпарат құралдарында сенімді ақпарат ретінде таратудың қажеті жоқ».

bioRxiv
Уханьда мысықтардан коронавирус анықталғаны рас па?

Зерттеу туралы толығырақ

Материал жалпы 12 беттік жұмыс. Мысықтың қанында антидене бар-жоғын анықтайтын серологиялық зерттеу иммуноферменттік талдау, бейтараптандыру реакциясы (РН немесе VNT-ағылш.) және вестерн-блоттинг арқылы жүргізілді. Оған қоса, жұтқыншақ пен мұрын қуысы, анал жағындысына ПТР-зерттеу екіжақты гендік оң үлгі анықталмағанын көрсетті.

Яғни, 100 мысықтың 15-інен (14,7%) антидене ИФТ нәтижесінде анықталды, ал 11-нен (10,8%) қан сарысуына VNT-зерттеу арқылы табылды. Тұрақтандыру реакциясы кезінде ең жоғары титр COVID-19 пациентіне жататын үш мысықтан анықталды.

Бөлек айта кетсек, зерттеуге қатысқан Ухань мысықтарының қанынан антидене табылды, бірақ зерттеуден белгілі болғаны, қолданылған ПТР тәсілі нәтиже бермеді.

Осыған байланысты жұмыста мынадай себептер болуы  мүмкін екені айтылған:

(1) вирус РНҚ-сының «күші» оны анықтай алатындай көп емес;
(2) инфекцияның белгілері болған жоқ немесе тез өтті, ал зерттеу ауыр фаза өткеннен кейін жасалды;
(3) мысықта болған жағдайда ПТР барысында сәтсіздікке әкелетін геномдық тізбектердің нұсқалары болуы мүмкін (яғни биологиялық үлгіде ДНҚ немесе РНҚ үзінділерінің көптеген көшірмелерін алу).

Зерттеу қорытындысы

Уханьда мысықтардан коронавирус анықталғаны рас па?

Ғалымдар өзінің шағын есебінде мынадай қорытындыға келген: Ухань қаласында инфекция жұқтырған мысық түрлері бар, сол себепті вирус басқа ошақтардан да табылуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, вирус адамнан мысыққа берілген (керісінше емес!). Әрине, мұны вирус тарағанға дейін SARS-CoV-2-ге сәйкес зерттеу жүргізіп, растау қажет, – деп жазды ғалымдар. Оның қалай жасалатыны – білгісі келген адамдарға арналған сұрақ. Зерттеуде берілген сілтемеде (Hualan Chen, 2020) мысықтар бір-біріне респираторлық жолмен SARS-CoV-2 жұқтыра алатыны айтылған. Сонымен қатар талқыланып жатқан жұмыс авторлары қазіргі күні SARS-CoV-2-нің мысықтан адамға жұғатынына ешқандай дәлел жоқ екенін айтқан.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz