Үй жануарлары коронавирус тасушысы ма?

Бірқатар БАҚ үй жануарлары коронавирустың негізгі тасушылары болуы мүмкін деген ақпарат жариялап жатыр.

Үкім: Манипуляция

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, үй жануарлары COVID-19 тасушыларына жатпайды. Оған ешқандай дәлел жоқ.

Гонконгта бір иттің (иттен емес – ред) вирус жұқтырғаны белгілі, дегенмен қазіргі күні иттен, мысықтан немесе басқа да үй жануарларынан COVID‑19 жұқтыру мүмкіндігі туралы мәлімет жоқ. COVID‑19 науқастанған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде  пайда болатын ауаға өткен бөліктер арқылы тарайды. Өз қауіпсіздігіңіз үшін, қолыңызды жиі және мұқият жуып тұру қажет.

ДДСҰ

Пандемияға себеп болған коронавирус адамға осы ауруға шалдыққан жабайы жануарлардан берілген болуы мүмкін. Дегенмен, біз үйсіз жануарлармен байланысқанда гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз, себебі олар қажетті күтімі болмағандықтан басқа да аурулардың тасушысы болуы мүмкін.

Оқырмандарымызды мессенджерлерде тараған хабарламаның бәріне сене бермей, әр бөлікті ДДСҰ мәліметтерімен және біздің осы тақырыпқа байланысты материалдарымызбен салыстыруды сұраймыз. COVID-19 коронавирусы туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған дезинформация тым көп.

Кез-келген тақырыптағы дезинформация халықтың үрейін тудырады, сол себепті сізге манипуляция жасауға мүмкіндік бермейтін мақалаларды оқуды ұсынамыз.

Тағы еске сала кетсек, коронавирусқа қатысты жедел мәліметтерді coronavirus2020.kz ресми сайтынан, ал анықталған фейктерді біздің телеграм-арнамыз бен Facebook-тегі тобымыздан оқи аласыз.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz