Үндістанда өлімге әкелетін вирустың өршігені рас па?

Әлеуметтік желілерде Үндістанда өлімге әкелетін Нипах вирусының өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада вирус ұшатын түлкілерден және жарқанаттардан, олардың сілекейі жағылған жемістерден жұғады деп жазылған. Оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексерді.

Үндістанда өлімге әкелетін вирустың өршігені рас па?
@kazpress парақшасынан скрин

Үндістанда өлімге әкелетін вирус тіркелді

@kazpress инстаграм парақшасынан 

Үкім: Шындық

Үнді бұқаралық ақпарат құралдары Нипах вирусын жұқтырған 12 жасар баланың өлімі туралы хабарлауда. Басылымдар Кераланың Денсаулық сақтау министрі Вина Джорджға сілтеме жасай отырып (мынау және мынау сайттарда да), сол баламен тікелей байланыста болған адамдар тізімінде 251 адам бар екенін жазады. Олардың 54-іне ауру жұғу қаупі жоғары, ал 11-де инфекция белгілері бар, бірақ жағдайы тұрақты. Үндістан ұлттық порталының (National Portal of India) соңғы мәліметіне сәйкес (2021 жылдың 7 қыркүйегі) он адамның тест нәтижелері теріс болған, бірақ олар әлі дәрігер бақылауында.

Нипах вирусы (NiV) алғаш рет 1999 жылы Малайзияда шошқа өсірушілер арасында анықталған. 2001 жылы Бангладеште тіркелген, содан бері бұл елде ауру ара тұра жыл сайын тіркеледі. 

Үндістанда бұған дейін NiV үш рет тіркелген. Алғашқы екеуі Батыс Бенгалияда: 2001 жылы Силигури және 2007 жылы Надияда анықталған. Үшінші індет 2018 жылдың мамырында Үндістанның Керала штатының Кожикоде және Малаппурам аудандарында тіркелген.

ДДСҰ Нипах вирусы 40-75%-ке дейін өлімге әкелетінін айтады, сондықтан NiV адам өміріне қауіпті.

Қазіргі уақытта 38 адам Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханада карантинде …

@kazpress инстаграм парақшасынан

Үкім: Үкім жоқ

Кейбір үнді медиасы вирус жұқтырған баламен тікелей байланыста болған 38 адам карантинге жатқызылғанын хабарлайды, ал басқалары карантинге жатқызылған 30 дәрігер туралы айтады.

Алайда, бұл сандар, мүмкін, бір оқиғаның әр түрлі қырынан көрсетіп тұр: барлығы тікелей байланыста болған 251 адамның 38-і карантинде. Ал басқа дереккөздерде карантинге жіберілгендердің 30-ы ауру жұғу қаупі жоғары адамдар тізіміндегі дәрігерлер. Яғни, тараған ақпаратта қате болмауы мүмкін, бірақ бізде нақты үкімге жеткілікті дәлел жоқ.

Вирус «нипах» деп аталады және ұшатын түлкілер мен жарқанаттар арқылы жұғады. Вирус адам ағзасына осы жануарлардың сілекейі тиген жемістер арқылы енуі мүмкін.

@kazpress инстаграм парақшасынан

Үкім: Шындық

Нипах вирусы (NiV) – жануарларда да, адамдарда да ауру тудыратын жақында анықталған зооноз. Жеміс жейтін кейбір жарқанаттар (атап айтқанда, ұшатын үнді түлкісі) – вирустың табиғи иесі.

ДДСҰ мәліметі бойынша, Нипах вирусы адамдарға жануарлардан (жарқанаттар мен шошқалардан) жұғуы мүмкін. Инфекция жұққан ұшатын түлкілердің зәрімен немесе сілекейімен ластанған жемістер арқылы, адамнан адамға берілуі ықтимал. 2001-2008 жылдары Бангладештегі жағдайлардың жартысы науқастарға күтім кезінде адамнан адамға жұққан.

ДДСҰ Нипахты әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі деп мәлімдеді, өйткені оны емдейтін дәрі немесе [алдын алатын – ред.] вакцина жоқ.

@kazpress инстаграм парақшасынан

Үкім: Манипуляция

ДДСҰ дерегінше ауруға қарсы дәрі-дәрмектер мен вакцина жоқ дегені рас, негізгі ем – симптоматикалық терапия. Сонымен қатар, біз ДДСҰ-ның Нипахты әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі деп танығаны туралы ресми ақпаратты таба алмадық.

Десе де баламалы ақпарат таптық: бұл вирус тудырған ауру ДДСҰ-ның ҒЗТКЖ бағдарламасының приоритет ауруларының бірі болып табылады. Приоритет аурулар өте қауіпті инфекциялар тізіміне автоматты түрде қосылмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зоонозға көзқарасын жақсы түсіну үшін оның қолданыстағы есептерін зерттеу қажет.

Мысалы, «Потенциалды эпидемиялық аурулар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер» деп аталатын құжатта 2017 жылдың 24, 25 қаңтарында ДДСҰ дайындаған және зерттеулер мен әзірлемелерді приоритет ретінде зерттеу қажет ететін қоздырғыштардың тізімі қаралғаны және жаңартылғандығы айтылады. Бұл тізімге Нипах вирусынан туындаған ауру да кіреді. Осылайша, ұйымның ауруды ең қауіпті аурулардың бірі ретінде тануы туралы мәлімдеме түзетуді қажет етеді: біз ДДСҰ-ның ықтимал қауіпті ғана мойындауы туралы айта аламыз (баяндаманың атауынан) және осы ауруды зерттеу бойынша қатаң ұсыныс жасалғаны көрсетілген.

Қарастырылып отырған жағдайға қатысты айтар болсақ, Үндістанның ауруларды бақылаудың Ұлттық орталығының (Central High Level Team) сайтындағы “Орталық жоғары деңгейлі топтың” есебінде Нипах вирусының қазіргі таралуы үлкен індет еместігі айтылған. Бұл тек жергілікті құбылыс, ол Кераланың екі аймағымен шектеледі: Кожикоде мен Малаппурам қалалары. Сондай-ақ, жалпы тұрғындармен олардың отбасыларының қауіпсіздігі туралы алаңдамауға болатыны хабарланған.

проектный менеджер Международного центра журналистики MediaNet, феллоу Международной правозащитной организации Access Now, автор в Factcheck.kz, исследовательница гендерных вопросов, цифровых прав, медиаграмотности и борьбы с дезинформацией.

Factcheck.kz