Орталық Азия COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялауға дайын ба?

Жақында “COVID-19-ға қарсы вакцина: Орталық және Батыс Азия елдері вакцинациялауға қаншалықты дайын?” деген тақырыпта онлайн пікірталас өтті. Шараны Азия даму банкі, Гарвард университеті жанындағы Ресейді және Орталық Азияны зерттейтін Дэвис орталығы ұйымдастырды. 

Патрик Осеве (Азия даму банкінің денсаулық сақтау секторы жетекшісі) және Джудит Твигг (профессор, Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығы, Виржиния достастық университеті) есімді спикерлер әлемдегі вакцинаны әзірлеуге және жаһандық деңгейдегі вакцинациялауды алдын ала ұйымдастыруға қатысты жағдайды баяндады. Оған қоса, дәрі-дәрмекке қол жеткізуге қатысты өзекті мәселелермен бірге, тікелей вакцинациялау үшін көлікті, логистиканы ұйымдастыру туралы міндеттер жайында айтып берді. Бұрмаланған және жалған ақпарат негіз болатын инфодемия аясындағы коммуникациялық және түсіндіру саясатын құру туралы да айтылды. Джудит Твигг сауалнамаға қатысқан америкалықтардың жартысы ғана, ресейліктердің 60%-ке жуығы (нақтырақ айтқанда биыл мамыр айындағы ВЦИОМ дерегі бойынша 59%-і, шілдедегі дерек бойынша 70%-і) коронавируске қарсы екпе алуға келісім берген.

Мұндай тарихи масштабтағы қаржыландыру туралы Патрик Осеве GAVI (Вакцина және иммунизация жөніндегі жаһандық альянс) ДДСҰ және CEPI-мен (Індетке дайындықты қамтамасыз ету коалициясы) бірге әзірлеген COVAX жаһандық механизмі туралы айтып берді. Механизмнің мәні мемлекеттердің қаржы жағдайына қарамай бүкіл әлем бойынша вакцинаны тең бөлуде жатыр. Бұл жағынан COVAX – қолжетімділік теңдігіне ғана емес, қауіптерді бөлу тұрғысынан да ерекше кепілдік түрі. Өйткені бүгінде клиникалық сынақ кезеңінде 28 үміткер вакцина, ал клиникалық кезеңге дейін 139 үміткер вакцина бар. Бірақ олардың бәрі бірдей тиімді саналмайды, өндіріске жіберілмейді. Жалпы, бұл кезеңде әзірленіп жатқан барлық вакцинаны қолдау маңызды.

Оған қоса, механизм әлемде өндіріс күшін бөлуге мүмкіндік береді. GAVI сайтында вакцина өндірісінің алдын ала картасы бар.

Орталық Азия COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялауға дайын ба?

Патриктің айтуынша, мемлекеттер COVAX альянсына өз еркімен қосылады (қазір олардың саны 150-ден асты). Осы механизм арқасында кірісі төмен және орта 92 мемлекет те препарат ала алады. Статистика бойынша Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 4 мың АҚШ долларынан асатындықтан біз өзін-өзі қаржыландыратын елдер тобына кіреміз. Қазақстан COVAX-қа 7 тамызда қосылды.

Орталық Азия COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялауға дайын ба?

Белгіленген Азия аймағында вакцинаны міндетті түрде алатын тізімге өзін-өзі қаржыландырмайтын мынадай елдер кірді: Ауғанстан, Қырғызстан Республикасы, Пәкістан, Тәжікстан мен Өзбекстан. Армения, Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан елдері Қазақстан сияқты вакцинаны өз қаржыларына сатып алады. COVAX келесі жыл соңына қарай кірісі төмен және орташа елдерді қоса алғанда әлемді, соның ішінде Дүниежүзілік банктің халықаралық қауымдастығы кредит берген елдерді де жалпы саны 2 миллиард доза вакцинамен қамтамасыз етеді. Дамушы елдерді қамтамасыз ету үшін 2 миллиард USD инвестиция қажет, қазірдің өзінде ұйым 600 миллион USD көлемінде қаржы алды.

Патрик Осевенің айтуынша, вакцина өндірісі қажет инфрақұрылымы мен технологиялық тәжірибесі бар елдерде орналасады. Қазақстан мұндай елдер қатарына кіреді. Солай бола тұра, COVAX жалғыз опция емес. Мемлекеттер екіжақты келісім түріне де көше алады. Мысалы, бәріміз білетіндей, Қазақстан жақында тіркелген ресейлік вакцинаға қызығушылық танытып отыр.

Онлайн пікірталас  коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны әзірлеу және тіркеу мемлекеттердің көптеген басқа ұйымдастырушылық, кәсіби, медициналық, саяси және мүмкін, күтпеген мәселеге тап келетін жолының бастамасы болатынына баса мән берді. Оған қоса, әр ел қажет егуді халықтың қай тобы қай кезеңде алатынын суреттейтін вакцинациялау стратегиясын әзірлеуі қажет.

Джудит Tвиггтің ойынша, вакцинациялауға дайындық жоспарына мемлекеттер to do list жасайтын мына 5 пункт кіруі керек:

  • Әр ел қазірден бастап вакцинаны бөлу және оған қолжетімділіктің басымдықтары, сол басымдықтың қисыны туралы ойлана бастауы керек.
  • Көліктің кешігуі және тағы басқа күтпеген жағдайлар болса, көлік логистикасы және препаратты дұрыс сақтау жүйесін әзірлеуі қажет.
  • Сенімсіздік пен скептицизмді жеңуге, әлеуметтік желілерді бақылауға, танымал адамдар, дін лидерлерін, спортшыларды және басқа да ықпал етушілерді түсіндіру жұмыстарына тарту сияқты дәстүрлі емес тәсілдерді қолдануға бағытталған коммуникация стратегиясын әзірлеу – бөлек пункт. Оған қоса, вакцинациялаудан кейін жанама әсерлердің болуы мүмкін екеніне дайын болу керек. Мұндай жағдай болатынын болжап, сенім қалыптастыру үшін адамдарға түсіндіріп, олармен адал коммуникация орнату керек. 
  • Джудиттің ойынша, мысалы, вакцина ұлтшылдығы сияқтыларды болдырмас үшін бақылау механизмдерін басқа елдермен бірге құру қажет.
  • Спикер дағдарысты мүмкіндікке айналдыруға кеңес берді. Ол үшін болашақта телемедицинаны, мобильді дәрігерлер бригадасын, вакцинаны тарату жүйесін (басқа ауруларға қарсы вакцинация саласында) және өзге де пандемия кезінде мәжбүрлі түрде пайда болған жаңа нәрселерді пайдалану керек. Бұл денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін қажет.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz