Нобель сыйлығын алған әйелдер туралы не білеміз?

Қазіргі уақытта “Нобель сыйлығын алған әйелдер кем де кем” деген пікірді жиі естиміз. Шынымен Нобель сыйлығына лауреаттарының қатарында әйелдер бар ма? Бар болса олардың еркектер арасындағы үлесі қанша?

1901 жылдан 2021 жылға дейін Нобель сыйлығы және Альфред Нобельді еске алу мақсатында эконмикалық ғылымдар саласындағы Sveriges Riksbank сыйлығын марапаттау рәсімі 609 рет болған. Лауреат атанған 975 тұлға мен ұйым (егер де сыйлықты бірнеше рет алған адамдарды есептемесе, жалпы саны 943 адам мен 25 ұйым) бар. Лауреат атанған тұлғалар мен ұйымдардың ішінде 59 рет әйел лауреат атанған. Мария Кюри екі рет Нобель сыйлығын алған әйел ретінде тарихта қалды. Сонда жалпы саны 58 әйел Нобель сыйлығына ие болған.

Нобель сыйлығын алған әйелдер туралы не білеміз?
1901-2021 жылдар арасында Нобель сыйлығын алған әйелдер.
Дереккөз: Нобель сайты

Біз төменде әр сала бойынша сыйлық алған әйелдерді тізіп, олардың өз салалары бойынша еркектер арасындағы үдесі туралы баяндаймыз.

Физика саласы бойынша

Физика саласындағы жалпы сыйлық 115 рет ұйымдастырылып, оның ішінде 219 лауреат болған және оның тек 4-і ғана ғана әйел.

Химия саласы бойынша

Химия саласындағы бойынша 113 рет ұйымдастырылып 186 ғалым лауреат атанған эәне олардың тек 7-і ғана әйел.

Физиология және медицина саласы бойынша

Физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы 112 рет өтіп, 224 адамға табысталған және олардың тек 12-сі әйел.

Әдебиет саласы бойынша

Әдебиет саласы бойынша 114 рет ұйымдастырылып, 118 адам лауреат атанған, олардың 16-сы әйел.

Бейбітшілік саласы бойынша

Бейбітшілік саласы бойынша сыйлық 103 рет 109 адамға берілген және сыйлықты алған әйелдер саны – 18.

Альфред Нобельді еске алу мақсатында эконмикалық ғылымдар саласындағы Sveriges Riksbank сыйлығы

Альфред Нобельді еске алу мақсатында эконмикалық ғылымдар саласындағы Sveriges Riksbank сыйлығы Нобель сыйлығының қатарына ең соңғы болып қосылған. Оны беру туралы шешім 1968 жылы қабылданған.

Экономика саласында сыйлық беру рәсімі 53 рет ұйымдастырылып, 89 лауреат марапатталса, оның тек 2-і ғана әйел болған.

Контекст

Нобель сыйлығы берілмеген кездері де болған. Атап айтқанда, 1901 жылы қатарынан бірнеше жыл берілмеді. Бұның басты себебі сол уақыттарда әлемде болып жатқан геосаяси және өзге де мәселелер еді. Сыйлық көп жағдайды Бірінші дүниежүзілік (1914-1918 жылдары) және Екінші дүниежүзілік (1939-1945 жылдары) соғыс уақытында табысталмады. Жекелей салалар бойынша:

  • Физика саласы: 1916, 1931, 1934, 1940, 1941, 1942 жж.;
  • Химия саласы: 1916, 1917, 1919, 1924, 1933, 1940, 1941, 1942 жж.;
  • Физиология және медицина саласы: 1915, 1916, 1917, 1918, 1921, 1925, 1940, 1941, 1942 жж.;
  • Әдебиет саласы: 1914, 1918, 1935, 1940, 1941, 1942, 1943 жж;
  • Бейбітшілік саласы: 1914, 1915, 1916, 1918, 1923, 1924, 1928, 1932, 1939, 1940, 1941, 1942, 1943, 1948, 1955, 1961, 1961 жж.;
  • Альфред Нобельді еске алу мақсатында эконмикалық ғылымдар саласындағы Sveriges Riksbank сыйлығы: – берілмеген жылы жоқ.

Нобель сыйлығының Жарғысына сәйкес “егер қарастырылып отырған жұмыстардың ешқайсысы бірінші абзацта көрсетілген құндылыққа сәйкес келмесе, жүлде ақшасы келесі жылға дейін сақталады. Егер жүлдені беру мүмкін болмаса, сома Қор қаражатына қосылады”.

Материал MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Гендерлік мәселелерді медиада көтеру арқылы бұқараның біліктіліктілігін арттыру» жобасы аясында Қазақстандағы Финляндия елшілігінің қолдауымен дайындалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz