Коронавирустың емі аспирин екені рас па?

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Италияда коронавирусқа қарсы вакцина табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада коронавирустың пневмонияға емес, тромбозға себеп болатыны айтылып, оны антибиотик пен аспирин арқылы емделетіні жазылған. Factcheck.kz оқырмандардың өтінішімен хабарламаның ақ-қарасын ажыратты.

Вирус па, әлде бактерия ма?

Италияда коронавирусқа қарсы дәрі табылды. Италия дәрігерлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) денсаулық туралы әлемдік заңына бағынбай, коронавирустан қайтыс болған адамдардың мәйітін сойды. Олардың айтуынша, адам өлімі вирустан емес, бактериядан екені анықталды. Соның салдарынан адамда тромб (ұйыған қан) жиналып, бұл пациенттің дүниеден өтуіне себеп болады. Қазір Италияда хаттамаларды ауыстырып, ДДСҰ әлемдік пандемияны тоқтатты. Дәрі туралы мәліметтер шықса да, ДДСҰ Қытайға ол туралы хабарламады. Бұл ДДСҰ үшін – бизнес. Бұл ақпаратты бөлісіп, біздің қарт кісілерді өлтіргеніміз туралы әлем білетінін айтыңыз.        

Whatsapp желісіндегі хабарламадан

Ақпарат неліктен жалған?

Біріншіден, бірнеше елде жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша SARS-Cov-2 бактерия емес, вирус. Сонымен қатар вирустың геном құрамы да белгілі. Бұл хабарламаны оқығанда әуелі осыны естен шығармаңыз.

Екіншіден, зерттеуде өкпе тромбозы пневмониямен бірге коронавирустың пайда болуына себеп болатын ауру екені жазылған. Зерттеу ғылыми сараптамадан өтпеген. Сол себепті оның қорытындысы туралы шешім әлі шықпады.

Үшіншіден, зерттеуде COVID-19-ды емдеу хаттамасының өзгергені туралы ақпарат жоқ. Ал ДДСҰ пандемияны тоқтату жайлы хабарламады. Коронавирусқа қарсы вакцина әлі табылмады.

Коронавирустың емі аспирин екені рас па?
Вирустың геном құрамы

Коронавирус жұқтырғандар тромбоздың салдарынан өліп жатыр ма?

Расымен, Италия ғалымдары COVID-19-дың асқынуына тромбоз себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 тыныс алу жүйесіне әсер ететін SARS-CoV-2 вирусынан және жедел респиратор вирус инфекциясы мен ауыр пневмонияны тудыратынын көрсетті.

10 сәуірде Голландия зерттеушілері жариялаған ақпаратта пневмония белгісі бар COVID-19-бен ауыратын 184 науқас қаралды. Профилактика антикоагулянттары тағайындалғанымен, 31%-ы тромбоз арқылы асқынған. Авторлар мұндай жоғары көрсеткішке таңғалып, науқастарға сақтық шара ретінде антикоагулянттың жоғары дозаларын қолдануды ұсынды.

Тромбоз коронавируспен ауыратын пациенттерде өте жиі кездеседі деп қорытынды жасауға болады. Алайда, COVID-19-бен ауыратын пациенттер тек тромбоз салдарынан өледі дегенді білдірмейді.

Коронавирус және аспирин

Коронавируспен күресудің әдісі, яғни оны емдеудің жолы «антибиотиктер, қабынуға қарсы препараттар және антикоагулянттар». Ең алдымен – АСПИРИН.

Whatsapp желісіндегі хабарламадан

Үкім: Жалған және манипуляция

Біріншіден, аспирин қабынуға болмайтын дәрі-дәрмектің бірі. Аспириннің коронавирусқа шалдықандар үшін пайдасы немесе зияны әлі дәлелденбеді. Вирусқа қарсы аспириннің пайдасы бар деп нақты айтуға болмайды.

Екіншіден, антибиотик бактерия инфекциясын емдеуге ғана арналған. Ол вирустарға қарсы көмектеспейді. COVID-19 вирус құрамдас сипатқа ие. Сондықтан оны емдеу үшін антибиотик тиімсіз. Антибиотикті COVID-19-дың алдын-алуға және оны емдеу үшін қолдануға болмайды.

Антибиотик және антикоагулянт: нені білу керек?

ДДСҰ мәліметінше, кейбір жағдайда дәрігерлер негізгі аурудың асқынуы болатын, яғни, қайталама бактерия инфекцияларының алдын-алып, емдеу үшін антиоксидантты COVID-19-бен ауыратын пациенттерге тағайындайды. Демек, бактериалды инфекцияларға байланысты аурулар кей жағдайда антибиотикпен емделеді. Антикоагулянттар тромбоз асқынып жатқан COVID-19-бен ауыратын науқастарға тағайындалуы мүмкін.

ДДСҰ-ның хаттамасы және Италиядағы мәйітті сою

Италия дәрігерлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) денсаулық туралы әлемдік заңына бағынбай, коронавирустан қайтыс болған адамдардың мәйітін сойды.

Whatsapp желісіндегі хабарламадан

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) денсаулық туралы әлемдік заңы» дейтін нәрсе ойдан шығарылған. Әр ел мәйітке байланысты хаттаманы және оны сою туралы шешімді өзі жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – ұйым құрамына кіретін мемлекеттерге ұсыныс беретін орган. Олар заң тұрғысынан мемлекетке ықпал ете алмайды.

Екіншіден, 8 сәуірде Италияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде егер пациентте COVID-19 расталып, ауруханада қайтыс болса, аутопсия (мәйітті сою) жасалмайды деп көрсеткен.

Бірақ министрлік қосымша зерттеу жасау керек деген жағдайда барынша инфекциядан қорғанысты қамтамасыз ететін бөлмелерде мәйітті сою жұмысы жүргізілуі мүмкін екенін айтты.

Әуелде бұл жалған ақпарат Испаниядан басталды. Содан соң ағылшын, неміс, орыс тілдерінде тарады. Фактчекер әріптестеріміз (Correctiv, Maldita, ColombiaCheck, Verificado) осыған дейін бұл ақпараттың жалған екенін анықтаған еді.

Коронавируспен ауыратын науқастардың үштен бірінде тромбоз бар ма?

  • ВВС-дің хабарлауынша, британиялық медицина мамандары коронавируспен ауыратын 30%-ға жуық адамда тромбоздың белгілері бар дейтін тұжырым жасады. Қанның ұюы біраз адамның өліміне себеп болуы мүмкін.
  • Наурызда коронавирус дүниежүзіне тараған кезде дәрігерлер тромбоздың жиі кездескенін байқаған.
  • Дәл қазіргі уақытта Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 230 мыңнан асты. Ал вирустан қайтыс болғандар 32 мыңнан асқан. 8 наурыздан бастап елде карантин енгізілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz