Коронавируспен ауырғанда қара бұрыш пайдалы ма?

Жақында Қазақстан медиакеңістігіндегі бірнеше БАҚ коронавирус жұқтырған адамар үшін қара бұрыштың пайдасы туралы ақпарат таратты. Олар Үнді технологиялық институтының физика департаментінің мамандарының зерттеуіне сілтеме жасаған. Оқырманның өтініші бойынша, біз бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрдік.

Үкім: Манипуляция

Үнді ғалымдары 17 қыркүйекте Taylor & Francis Online сайтына 30 дәмдеуіш пен вирустың әрекеттесуі туралы материал жариялағаны рас.

Бірақ, қазақстандық сайттар атап өткендей, бұл зерттеу молекулярлы докинг пен модельдеу (MD) арқылы жасалған. Дәл осы дерек материалға күмәнмен қарауға итермелейді және қара бұрыштың пайдасы туралы айтуға ерте екенін көрсетеді. Себебі, MD дегеніміз дәрі ойлап табудың алғашқы кезеңі. Оның үстіне үнді ғалымдарының өздері жазғандай, “Бұл зерттеу есептеу арқылы жүргізілетіндіктен, зертханалық тәжірибелерді қажет етеді“. Толығырақ төменнен оқыңыз.

MD және молекулярлы докинг дегеніміз не?

MD ақуыздар мен басқа биомолекулалардың функционалды механизмдерін шешуге, аурудың құрылымдық негізін ашуға, сонымен қатар ұсақ молекулаларды, пептидтер мен ақуыздарды құруға және оңтайландыруға пайдалы.

Молекулярлы докинг – құрылымдық молекулярлы биологияның және дәрінің компютерлі дизайнының негізгі құралы. Лиганд ақуыздарын біріктірудің мақсаты—белгілі үш өлшемді құрылымның ақуызымен байланыстырудың басым әдісін болжау. Сәтті докинг әдістері үлкен өлшемді кеңістікті тиімді іздейді және дұрыс орналастыратын бағалау функциясын қолданады. Докингті үлкен байланыс деректерін виртуалды скринингтеу, нәтижелерді саралау және лигандтардың мақсатты қалай тежейтіні туралы құрылымдық гипотезаларды ұсыну үшін қолдануға болады, бұл лидерді оңтайландыру кезінде баға жетпес құрал. Алайда стохастикалық іздеу әдістерінің нәтижелерін талдау кейде түсініксіз болуы мүмкін.

Жалпы, үндістандықтар коронавирус кезінде әр түрлі дәмдеуіштер мен қара бұрыштың әсеріне көп сенетін көрінеді. Себебі, бұған дейін үндістандық әлеуметтік желілерде RAMU (Үндістан) университетінің студенті коронавирус кезінде қара бұрыш, зімбір және балдың пайдасы бар екенін дәлелдепті деген хабар тараған. Алайда сол елдегі әріптестеріміз мұны жоққа шығарды.

Коронавируспен ауырғанда қара бұрыш пайдалы ма?
Үндістанда тараған фейк ақпараттардың бірі. Бұл жерде әлдеқандай студенттің қара бұрыш, зімбір, балды пайдалану арқылы коронавирустан емделудің жолын тапқаны жазылған.

ДДСҰ не дейді?

Бұған дейін ДДСҰ бұрыш COVID-19 кезінде дәрменсіз екенін жазған.

Ащы бұрыш тамағыңызды дәмді қылғанымен, COVID-19-дың алдын алмайды немесе одан емдемейді. Өзіңізді коронавирустан қорғаудың ең жақсы тәсілі–басқалардан кем дегенде 1 метр алшақ болу, қолыңызды жиі және мұқият жуу. Жақсы тамақтану, тұрақты жаттығулар жасау және жеткілікті ұйықтау денсаулығыңызға пайдалы.

ДДСҰ
Коронавируспен ауырғанда қара бұрыш пайдалы ма?
ДДСҰ кеңесі

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz