Кейінгі 3 жылда қатерлі ісік ауруы қанша процентке өсті?

31 наурызда өткен Сенаттың пленарлы отырысында депутат Әбдіәлі Нұралиев қатерлі ісікке шалдыққан адамдар туралы сөз қозғап, бірнеше дерек келтірді. Сауалда соңғы 3 жылда қатерлі ісікке шалдыққандар саны едәуір артқандығын айтты. Сондай-ақ, депутат қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтар туралы да мәлімдеме жасады. Осы орайда Factcheck.kz сайты депутаттың айтқанын тексеріп көрді.

Тайм-код: 32:00

Зерттеулерге сәйкес, 3 жыл ішінде қатерлі ісіктері бар науқастар саны 14%-ға өскен.

Әбдіәлі Нұралиев, сенат депутаты

Үкім: Манипуляция

ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, соңғы 3 жылда (2021 жылды қоспағанда) қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың саны 18 342 адамға өскен. Бұл депутат айтқандай 14%-ке емес, 10,6%-ке өскен. Ал егер жыл сайынғы жаңадан тіркелген аурулар санына қарасақ, керісінше науқастар саны азайған. Оны төмендегі кестеден көре аласыздар.

Ресми деректермен 2020 жылы Қазақстан өңірлері арасында қоршаған ортаға тасталған зиянды заттардың жартысынан көбі Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Әбдіәлі Нұралиев, сенат депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылға арналған “қоршаған ортаның жәй-күйі” туралы баяндамасында қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтардың мөлшері – 2 441 мың тонна деп көрсетілген. Алғашқы екі орынға Павлодар (723 мың тонна) және Қарағанды (627,7 мың тонна) облыстары кіреді. Екеуін қосып есептегенде 1350,7 мың тоннамен расымен де қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтардың жартысынан көбі тиесілі.

Кейінгі 5 жылдағы қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтардың мөлшері:

Контекст

  • Ауаның ластануынан жыл сайын әлемде 7 млн адам қайтыс болады;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстаның ауаның ластануы рейтиңінде 23-орынға тұрақтады;
  • 2020 жылы әлемде 19,3 млн адамнан қатерлі ісік анықталса, оның 10 млн-ға жуығы қайтыс болған. Ал ең көп таралған түрі – сүт безі обыры (2,3 млн адам).

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz