Қазақстан балаларына кибербуллинг жасауға Telegram, Twitter және Facebook жауапты ма?

Қазақстандағы мәжілісмендер елдің жас азаматтарын кибербуллингіден біртүрлі және біршама радикал түрде қорғауға шешім қабылдады. Бұл олардың тарапынан қызық қадам болғаны сонша, біздің тараптан белгілі бір талдауды қажет етеді. Бірақ әуелі не болғанын баяндайық.

Парламент мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындады. Біз Азаматтық кодекске, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске, Қылмыстық кодекске, Еңбек кодексіне және «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және тағы басқа заңдарға 59 түзету енгізу туралы айтып отырмыз.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Байланыс туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарға да түзету енгізілмей қалмақ емес. Мұнда түзетулер авторлары балаларды қорғауға ниет етіп алып, басқа жолмен жүріп кетті. Олар құқық пен мүмкіндікті кеңейтуі керек еді, оның орнына интернет-ресурстарды, мессенджерлер мен платформаларды мәжбүрлеу тәжірибесіне кетіп қалды. Бұл жағдайға немқұрайды қарамайтын оқырмандарды түзеутелрдің №24, 37, 57-59-тармақтарынаа назар аудара отырып, танысуға шақырамыз. Біз қазір сол түзетулер туралы айтамыз.

Тәртіпке мәжбүрлеу

Ресейде маусым айында қабылданған IT алыптарының жергілікті жерден де ашылуы мен депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған түзетулердің ортақ жақтары көп, олардың мақсаты бір: IT алыптары екі елде де филиалын (өкілдіктері) немесе заңды тұлғасын ашуы керек (олардың салдары – салық төлету мен әрине, мемлекеттің хабар тарату аймағындағы қызметті толық бақылау). Тек ресейліктер бұл әрекеттегі ойын жасshмады. Ал біздің депутаттар бәрін «кибербуллинг» сөзіне жасырып, шығыстың барлық нәзіктігімен және азиялық қарапайымдылықпен әрекет етуді шешкен сияқты. Онысының бәрі ақталған да сияқты.

«Ақпараттандыру туралы» заңға енгізілетін 58-түзетуге қатысты дәлме-дәл дәлел келтірейік. Бұл филиалдың ашылуына, оның басшысы болып міндетті түрде Қазақстан Республикасы азаматының тағайындалуына, содан кейін басшының Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзатын ақпаратты 24 сағат ішінде жоюға қойылатын талаптар туралы. Қисынға қараңыз (еске салайық, біз балаларды қорғау туралы айтып отырмыз):

Кибербуллинг ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалған заңсыз әрекеттер екенін ескере отырып, заң жобасына интернеттегі заңсыз контентке қарсы мемлекеттік шараларды заңнамалық реттеуді жетілдіруге бағытталған осы норманы енгізуге қажет механизмін қосу керек. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік онлайн-платформалар мен жедел хабар алмасу сервистерінің қызметін белгілейтін 18-2-баппен толықтырылады.

Билік органдарының бастамасы бақытты интернет-балалық шақ үшін күреске қатысты тағы қандай нәрсе қолға алынады: заң қабылданғаннан кейін IT алпауыттарына заңды тұлғаны тіркеуге 6 ай уақыт беріледі. Талап орындалмаса, газды өшіреді, ой, яғни ел аумағындағы қызметін шектейді. Тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, интернет ресурстарға кіруді тоқтата тұру мен қайта бастау тәртібін белгілі бір уәкілетті орган шешеді. Ол тыйым салынған ақпаратты жариялайтын интернет ресурстар тізілімін жүргізуі керек қой.

Оған қоса, депутаттар ұсынғандай, «тоқтата тұрудың» негізі Қазақстан Республикасы заңдары, сот актілері, «сондай-ақ» уәкілетті орган бұйрығы болады. Мұнда не қисын шеңбері тұйықталып кетті, не Заңның әрпі өте қатал, содан да жазылғанды бірден түсіну мүмкін емес. Бірақ біздің Қазақстанның уәкілетті органы (УО) енді желідегі ақпаратты бұрын-соңды болмаған бақылауға ие бола қалатындай әсер қалдырады: бұйрықты өзі береді, тоқтата тұру және қайта бастау туралы тапсырма иесі де – өзі. Мектепте сөзге келісіп қалу, мысықпен түскен суреттер сияқты интернеттегі еркіндік туралы көзқарасыңызды жаба алатын “үй сыртында адам” бар деген сөз.

Балаларды қорғау, кибербуллинг және басқа да “сезімтал” тақырыптар туралы айтатын болсақ, бізге «тыйым салынған ақпараттың» аса нақты тұжырымдамасы, сондай-ақ, лингвистиканы қоса алғанда психологиялық механизмі бар нақты эксперт механизмдері қажет. Өйткені соның негізінде шешімдері мен УО бұйрығы жасалады.

Ең қызығы мынау: әңгіме нақты бір қазақстандық балаға басқа қазақстандық баланың интернет қуадалауы, яғни кибербуллинг жасауы туралы болса немесе “Көк кит” сияқты жергілікті қаскүнем немесе жақын адамдарының бірі тарапынан болса, бұл оқиғаның бәріне неліктен Цукерберг серіктестері жауапты болуы қажет?

Қазақстандағы нарық Facebook үшін аса маңызды деп есептеп, елде оның өкілдігі ашылады, ал оның директоры болып сіздің көршіңіз – талантты IT маманы сайланады, ол күні-түні посттар мен чаттарды бақылап отырады деген күннің өзінде бұл кибербуллингіге қатысты жалпы мәселені қаншалық шешеді? Біз бәріміз ересекпіз және қорқыту дегеннің өзі күрделі мәселе екенін түсінеміз. Ал интернет-платформалар мен мессенджерлер (олардың кеңсесі қайда орналасқанына қарамастан) – бұл адамдар туралы адамдармен хабар алмасу және тарату құралы, мысалы, автомобиль – көлік құралы, кейде сән-салтанат деген сияқты.

Кибербуллинг проблемасы

Шынында да, буллинг пен кибербуллинг мәселесін халықаралық ұйымдар, оның ішінде құқық қорғау ұйымдары өте өткір және маңызды деп таниды. Дүниежүзі бойынша әр үшінші оқушы мектепте зорлық-зомбылыққа немесе қудалауға ұшырайды. ЮНЕСКО мәліметі бойынша, бүкіл әлем бойынша шамамен 246 миллион бала мен жасөспірім жыл сайын мектепте немесе мектепке бара жатқанда гендерлік зорлық-зомбылықтың әртүрлісін бастан кешіреді. Бұл ретте Қазақстандағы жағдай да өте қиын. Статистикаға қызығатын оқырмандар қазақстандық балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің жоғары екенінен хабардар. Ал әзірше деңгейдің төмендеуіне деген үміт жоқ.

Шамасы, дәл осы себепті, бір жыл бұрын, президент Тоқаев жолдауында: «Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да интернеттегі қудалауға азаматтар осалдығынан тап болды. Ең әуелі, бұдан балалар зардап шегеді. Олар әсіресе интернеттегі қудалауды жүрекке жақын қабылдап, өкінішке қарай, оның соңы ауыр зардаптарға әкеледі. Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингіден қорғау үшін заңнамалық шаралар қабылдаудың уақыты келді».

Ол әзілдеген жоқ. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың 128-тармағында көрсетілген:

…азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингіден қорғау үшін заңнамалық шаралар қабылдау; байланыс процедурасы бойынша Бала құқықтары туралы конвенцияның Факультативт хаттамасына қосылу. Мерзімі – 2021 жылдың ақпан айы. Мынадай сұрақ туындайды: президент депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған осындай сипаттағы заңнамалық шараларды айтты ма?

Бүкіл әлем мен ондағы Қазақстан туралы айтар болсақ, халықаралық ұйымдар IT алыптарымен бірге кибербуллингіге қарсы механизмдерді әзірледі және оны дамытып жатыр. Олар танымал екенін айта кету керек.

Қазақстан балаларына кибербуллинг жасауға Telegram, Twitter және Facebook жауапты ма?

«Кибербуллинг туралы нақты заңдары бар елдерде эмоционал күйзеліс тудыруға бағытталған желідегі мінез-құлық қылмыстық әрекет болып саналады. Бұл елдердің кейбірінде кибербуллинг құрбандары өзін қорғауын сұрай алады, қудалаушының желіде сөйлесуіне тыйым салуына қол жеткізе алады, қудалаушы кибербуллинг жасау үшін қолданатын электрон құрылғылардан уақытша немесе біржола шектелуі мүмкін»,делінген ЮНЕСКО сайтында. Онда буллингімен күресте табысты болып отырған механизмдермен де танысуға болады.

Бұл тетіктер депутаттар ұсынған түзетулер мәнінен анағұрлым қашық. Арсыздық деп осыны айт.

Қазақстан үшін ықтимал салдар

Бұл айтылған заңнама бастамалары қабылданар болса, қазақстандықтардың мынадай проблемаларға тап болу ықтималдығы жоғары:

  • біз үйреніп қалған және басқалармен қатар өмір мен жұмыс байланысын айтарлықтай әртараптандыратын және жеңілдететін онлайн-платформалар мен сервистердің Қазақстанда қалатынына кепілдік жоқ;
  • «бірегей» қазақстандық тәжірибе ел үшін тартымды емес күйінде халықаралық БАҚ-та талқыға қалмайтынына кепілдік жоқ (біздің көпвекторлы және инвестициялық саясатымыз қайда қалды?).

Демек, бұл Қазақстан үшін кері кеткен үлкен қадам болады, бұл жалпы Instagram немесе Telegram жұмысына әсер етпейді. Жаңа жағдайдағы Қазақстан деген осы ма еді?

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz