Фактчек | Уханьдағы зертхана Glaxа’ға тиесілі, бұған Гейтс пен Соростың қатысы бар

Коронавирус пандемиясына қатысты тағы бір ақпарат әлеуметтік желіде, тіпті бұқаралық ақпарат құралдарында кең таралып жатыр. Желіде тараған жазбада Қытайдың Уханьдағы биологиялық зертханасы Glaxо-ға тиесілі екені айтылып, ДДСҰ және Билл Гейтс, Джордж Сорос компаниялары арасындағы байланысты келтіреді. Factcheck.kz интернетте таралған хабарламаның қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін тексерді.

Міне, мынадай сәйкестік: Қытайдағы Ухань биологиялық зертханасы Glaxo-ға тиесілі. Ол Black Rock қорын басқаратын Pfizer (вакцина әзірлейтін) иесі. Ал ол (SOROS FOUNDATION) компаниясының ашық қорының қорларын басқарады. Ал ол францияның AXA компаниясына қызмет жасайды, ал ол болса Wintertor неміс компаниясын басқарады. Ол кездейсоқ Қытайдағы Ухань зертханасын салған. Оны неміс альянсы күтпеген жерден сатып алған. Оның акциясында Vanguard бар. Ал ол Black Rock акционері. Ол Орталық банктерді басқарады және әлемдік инвестициялық капиталдың үштен бірін басқарады. Айтпақшы, ол Microsoft корпорациясының негізгі акционері (Билл Гейтстің меншігі), ол PFIZER акционері (вакцинаның кереметін сататын) және қазіргі уақытта кімнің негізгі демеушісі ??? Әрине, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының. Тек сәйкестік.

Үкім: Фейк

Уханьның вирусология институты Glaxo фармацевтика компаниясына тиесілі емес. Желіде тараған жазбада фейк ақпаратты бірінші сөйлемнен табасыз. Жазбаның жартысы толықтай жалған, ал кейбір деректер оқырманды жаңылыстарады. Бұл хабарламаны ағылшын тілінін аударған. Сонымен бірге, испан және италия тілінде де тараған.

Уханьдағы Қытай биологиялық лабораториясы кімге тиесілі және желіде тараған хабарлама неге жалған?

Мәтінде 2019 жылы коронавирус алғаш рет анықталған Ухань қаласы жайлы, яғни, Ухань вирусология институтының биологиялық зертханасы жазылған. Сонымен бірге, жазбада Glaxo фармацевтика компаниясы лабораторияны басқаратыны туралы көрсетілген.

Бірақ Уханьдағы Қытай биологиялық зертханасы Қытай ғылым академиясының (CAS) қарамағында жұмыс істейді, яғни мемлекеттің бақылауында.

Ал Қытай ғылым академиясын Қытайдың мемлекеттік кеңесі, яғни, Үкіметтің әкімшілік органы бақылауында ұстайды. CAS ресми өкілі Nature журналына берген сұхбатында, қаржының бәр бөлігін Қытай билігінен ал қалған бөлігін конкурс бойынша бөлінгенін айтты.

Бұл жерде ескеретін жайт жазбаның жүйесі дұрыс емес. Лаборатория — стратегиялық маңызы бар обьект. Сонымен бірге, лабораторияны Қытайдан басқа елде басқаруы мүмкін деген де ойға қонымсыз. Ал лаборотатория құрылысы 2014 жылы инфектология саласындағы Франция халықаралық зерттеу орталығымен бірлесіп салынған және 4 деңгейлі биоқауіпсіздік лабораториясы 2018 жылы жұмысын бастады.

Glaxo компаниясының Қытайға қандай қатысы бар?

GSK сайтында (Британиялық фармацевтика компания) Қытаймен жұмыс қатынасы 1908 жылы басталғаны айтылған. Ал араға екі жыл салып, Glaxo Шанхайдағы өкілдігін ашқан. Ашық деректерде Қытайда екі кәсіпорын бар екені жазылған. Екеуі де Уханьда емес Шанхайда.

Glaxo компаниясы Pfizer-ді басқармайды

GSK және Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу барысында бірге жұмыс жасады. Pfizer Германияның BioNTech фирмасымен алғашқы вакциналардың бірі әзірлеген. Кейін Ұлыбритания билігі вакцинаны мақұлдаған еді. Бұл жердегі ең басты ескеретін жайт GSK-ның Pfizer компаниясының қарамағында деп айту — жалған. 10 желтоқсандағы дерек бойынша, Pfizer компаниясының 69 пайызы институционалдық акционерлерге тиесілі. Олардың арасында инвестиция фирмалары да бар. Сонымен бірге, бұл екі компанияның бәсекелес екенін ұмытпаған жөн.

BlackRock және Сорос қоры

2020 жылдың желтоқсан айындағы дерек бойынша, BlackRock Pfizer компаниясының ең үлкен институционалды акционері ретінде 414 768 435 акциясын иемденген. Яғни, барлық акцияның 10,8 пайызын ғана құрайды. Бұдан бөлек BlackRock Pfizer компаниясының ірі акционері емес, себебі 11,7 % Vanguard Group-қа тиесілі.

Сонымен қатар, желіде тараған жазбада BlackRock-тың Джордж Соросқа тиесілі Open Foundation компаниясын басқаратыны жазылған. Бұл – жалған. Біздің AAP FactCheck сайтындағы әріптестеріміз бұған еш дәлел таппаған. Оларды тек Джордж Соростың инвестиция компаниясы байланыстырған. Бұрын Soros Fund Management BlackRock компаниясының аздаған акциясын иеленген. Кейін 2020 жылдың наурыз айында сатып жіберген.

Билл Гейтс Microsoft компаниясының негізгі акционері ме?

Жоқ. Microsoft Билл Гейтстің жеке компаниясы деп нақты айта алмаймыз. Гейтс компанияның директорлар кеңесінен кеткенінше 1,3% акциясын иеленген. Ал 2014 жылы компанияның бұрынғы бас директоры Стив Баллмер Билды озған еді.

Желіде тараған жазбада тек екі мәлімдеме ғана рас. Біріншісі, Vanguard расымен Microsoft компаниясының ең үлкен акционері. Ал екінші мәлімдемесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең көп қаржы бөлетін демеушісі Билл мен Мелинда Гейтстің қоры екені айтылған үзіндісі. Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен халықаралық ұйымнан шығатыны туралы хабарланғаннан кейін болған.

Гейтс қоры Pfizer компаниясына да қаржы бөлген. Бөлінген қаржы әйелдердің қажетті құралдарына бағытталған.

Қорытынды

  • Уханьдағы лабораторияның коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатқан танымал фармацевтикалық компанияларымен, инвестиция қорларымен және миллиардер Джордж Сорос пен Билл Гейтспен корпоративті негіздері жоқ.
  • Ухань вирусология институты британиялық GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясына тиесілі емес.
  • Билл мен Мелинда Гейтс қоры Pfizer акцияларын иеленген. Сонымен бірге, олар ДДСҰ-ға ең көп қаржы бөледі. Алайда Гейтс пен Соросты BlackRock және Vanguard инвестиция топтарымен байланыстыру оқырманды адастырады.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz