28 қазанда Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кезекті пленар отырысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев (коронавируспен ауырған медицина қызметкерлеріне төлемді қалпына келтіру туралы Премьер-министрге жолдаған сауалында) Еуропадағы, Ресейдегі және Қазақстандағы ауырудың қазіргі жағдайына қатысты мәліметтер жариялады.
Мәлімдеме: … (төлемдердің күші жойылды – авт.) бүкіл әлемде пандемияның кезекті толқыны басталған сәтте кейбір еуропа елінде ауырғандар саны тәулігіне 40 мың адамнан асады, ал көршілес Ресейде күн сайын, шамамен 17-18 мың адам вирус жұқтырады, 300-ден астам адам қайтыс болады. Қазақстанда жағдай жақсырақ екені сөзсіз, бірақ вирус жұқтыру тенденциясы да айқын.
Азат Перуашев
Үкім: Шындық
Шынында, күз келе Еуропада аурудың екінші толқыны біртіндеп басталды, бұл көрсеткіш біріншіден де асып түсті … Статистиканы Worldometers-тен көруге болады. Жеке еуропа елдері туралы айтатын болсақ, материал шыққан сәтте бұл цифрлар (күніне 40 мың жағдай) тек Францияға қатысты.
3 қарашадағы жағдай бойынша өсім – 36 330. Сол күні Францияда коронавирустан 854 адам қайтыс болды. Ресейде 355 азамат көз жұмды.
Азат Перуашев Ресейде аурудың күнделікті тіркелетін саны туралы дұрыс айтады. 4 қарашада 19 768 адамның, 26 қазанда 17 347 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Қазақстанға келер болсақ, қазір тамыз бен қыркүйек айларындағы көрсеткіштерден алыспыз, бірақ көрсеткіш төмендегеннен кейін белгілі бір өсу үрдісі байқалады. Күнделікті вирус жұқтырғандар тіркелген кесте:
Еске салайық, 4 қарашадағы жағдай бойынша елде ауырғандардың жалпы саны – 113 741, жазылғандар саны – 106 893. 221 Қазақстан азаматының жағдайы ауыр.
Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.