COVID-19 жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап – IІ бөлім

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 16 маусымда COVID-19-ға қатысты көп таралған сұрақтардың жауабын жариялады. Бұған дейін 1-бөлімді оқымасаңыз, (жаңа оқырмандарымыз үшін) мына сілтемені ашып оқуға кеңес береміз. Бүгін назарларыңызға жиі қойылатын сұрақтардың жалғасын ұсынамыз.

Мазмұны

10 секундтан артық ауа жұтпау арқылы КВИ-ді немесе басқа өкпе ауруын анықтауға болады ма?

Жоқ, былай коронавирустың бар жоғын анықтай алмайсыз. Тіпті, денсаулығыңызға зиян болуы да мүмкін. Егер сізде жөтел байқалса, дене қызуы көтеріліп, тыныс алу қиындаса, алдымен медицина мекемесіне қоңырау шалып, мүмкіндігінше тезірек ақпараттандыру қажет. Егер сіз безгек немесе денге тарайтын ауданда тұрсаңыз, температура жоғарылаған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз. COVID-19-дың бар-жоғын тек зертханадағы тест арқылы анықтауға болады.

COVID‑19 вирусының таралуы ыстық әрі ылғал климаты бар жерлерде болады ма?

Қолда бар мәліметтерге сай, COVID‑19-дың жұғуы кез-келген аймақта, оның ішінде ыстық әрі ылғалды климаты бар аймақта да болуы әбден мүмкін. Егер сіз COVID‑19 тіркелген ауданда тұрсаңыз немесе сол аймаққа барсаңыз, климаттық жағдайға қарамастан сақтық шараларын жасаңыз. Жаңа коронавирус инфекциясынан қорғанудың жақсы әдісі басқалардан кемінде бір метр қашықтықты сақтау, сонымен қатар қолды жиі әрі мұқият жуу. Масканы да ұмытпаған жөн.

Суық күні және қар жауғанда далада жүру коронавирусты жоюға көмектеседі ме?

Дені сау адамның дене температурасы қоршаған ортаның температурасына, ауа-райына қарамастан 36,5° – дан 37° – қа дейін сақталады. Сондықтан, суық кезде сыртта болу жаңа коронавирус инфекциясымен немесе басқа аурулармен күресуге көмектеседі дегенге сенбеу керек. Бұл – қате пікір.

Ыстық ваннаға түсу жаңа коронавирусқа қарсы ем бола ма?

Ыстық ваннаға түсу COVID-19 инфекциясынан құтқармайды. Адамның қалыпты дене температурасы ваннадағы немесе душтағы судың температурасына қарамастан 36,5°C-тан 37°C-қа дейін сақталады. Керісінше, тым ыстық ваннаға түсу зиян тигізіп, денені күйдіріп немесе әлсіретін жіберуі әбден мүмкін.

Коронавирус маса шаққанда жұғады ма?

COVID-19 жөтел, түшкіру немесе сөйлесу кезінде пайда болатын аэрозоль тамшылары арқылы таралады. Қазіргі уақытта масалардың COVID-19 тарататыны туралы ешқандай дәлел де, ақпарат та жоқ.

Қолға арналған электронды қол кептіргіштер 2019-nCoV вирусын жояды деген рас па?

Жоқ. Қолға арналған электронды қол кептіргіштер 2019-nCoV вирусын өлтірмейді. COVID-19-дың алдын алу үшін үнемі антисептик пайдаланып және қолыңызды сабынмен жуу қажет. Одан кейін қолды қағазбен, сүлгімен немесе электронды қол кептіргішпен мұқият кептіру керек.

Ультракүлгін шамдарды қолды немесе теріні дезинфекциялау үшін қолдануға бола ма?

Ультракүлгін сәуле терінің тітіркенуіне және көзді зақымдайды. Вирусты жоюдың ең тиімді жолы құрамында спирті бар заттармен қолды өңдеп және сабынмен жуу.

Денені толығымен этанол немесе хлорлы әкпен өңдеу коронавирусты (nCoV) жояды ма?

Жоқ. Денені толығымен алкоголь немесе хлорлы әкпен шашырату организмге енген вирустарды өлтірмейді. Мұндай заттарды қолдану киімге және шырышты қабықтарға зиян (көз, ауыз).

Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғайды ма?

Пневмонияға қарсы вакциналар, мысалы, пневмококк вакцинасы немесе В типті гемофильді таяқшаға қарсы вакцина (Hib вакцинасы) жаңа коронавирустан қорғамайды. Бұл вирус басқа вирустардан ерекше және оған арнайы вакцина қажет. Қазіргі уақытта ғалымдар 2019-nCoV вирусына қарсы вакцина жасауға тырысып жатыр. ДДСҰ ғалымдарға көмек көрсетуде. Пневмонияға қарсы вакциналар 2019-nCoV вирусын алдын алуда тиімді болмаса да, басқа респираторлық аурулардың алдын алу үшін ұсынылады.

Мұрныңызды тұзды сумен шаю коронавирус жұқтырудан сақтай ма?

Жоқ. Мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі жуу COVID-19-дан қорғайтыны туралы ғылыми дерек жоқ. Кейбір мәліметтерге сай, мұрынды тұз ерітіндісімен үнемі шаю суық тигенде көмектеседі. Алайда, мұрынды үнемі шаю инфекцияның алдын алатыны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Сарымсақ коронавирустан қорғайды ма?

Сарымсақ — белгілі бір микробқа қарсы тұра алатын және денсаулыққа пайдасы бар көкөніс. Алайда, қазіргі індет кезінде жаңа коронавирусты жұқтырудың алдын-алу құралы ретінде сарымсақтың тиімділігі туралы ешқандай дәлел жоқ.

COVID-19’ды егде жастағы адам ғана жұқтыра ма, әлде жастар да бұл инфекцияға бейім бе?

Барлық жастағы адам жаңа коронавирусты (2019-nCoV) жұқтыруы мүмкін. Егде жастағы адамдар мен белгілі бір аурулармен ауыратындар (мысалы, демікпе, қант диабеті, жүрек ауруы) коронавирустың ауыр түрлеріне бейім келеді.

Антибиотик коронавирус кезінде көмектесе ме?

COVID-19-ды коронавирус тұқымдас вирус қоздырады. Антибиотик вирусқа әсер етпейді. COVID-19 анықталған кейбір пациенттерде бактериялық инфекция болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер антибиотик тағайындай алады. Әзірге COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ. Егер сізде ауру симптомы байқалса, дәрігерге немесе сенім телефонына қоңырау шалыңыз.

COVID-19’дың алдын алатын немесе емдейтін дәрі бар ма?

Қазіргі уақытта жаңа коронавирус (2019-nCoV) инфекциясының алдын алуға ұсынылған немесе емдеуге арналған нақты дәрі-дәрмек жоқ. Егер вирусты жұқтырсаңыз симптомдарды емдеу керек. Жөтел, дене қызуы жоғарыласа және тыныс алу қиын болған жағдайда медициналық мекемеге хабарласып, дереу көмекке алу қажет. Қазіргі уақытта жаңа коронавирусқа қарсы арнайы препараттарды жасау жұмыстары жүріп жатыр. Олар дайын болғанның өзінде клиникалық сынақтардан өтуі керек. Бір немесе бірнеше жыл уақыт қажет болуы мүмкін.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz