COVID-19 жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап – I бөлім

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 16 маусымда COVID-19-ға қатысты ақ пен қараны ажырататын материал жариялады. Factcheck.kz оқырмандарына аталмыш аңыздарды аударып, ұсынады.

Жаттығу кезінде маска киюге бола ма?

Жаттығу барысында масканы қолдануға болмайды. Себебі тыныс алғанда кедергі келтіріп, терлегенде тез ылғалдануы мүмкін. Сонымен бірге демалуды қиындатып, микроорганизмдердің көбеюіне әсер етеді. Жаттығу барысында айналаңыздағы адамдардан ең кемінде бір метр қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.

Вирус аяқ киім арқылы жұға ма?

COVID-19-ды аяқ-киімнен жұғу ықтималдығы өте төмен. Кішкентай баласы бар отбасыларға оны шешіп, кіре берісте қалдырған жөн. Аяқ-киім астында болатын лас нәрселерге баланы жолатпаңыз.

Антибиотик көмектесе ме?

COVID-19-ды коронавирус тұқымдас вирус қоздырады. Антибиотик вирусқа әсер етпейді. COVID-19 анықталған кейбір пациенттерде бактериялық инфекция болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер антибиотик тағайындай алады. Әзірге COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ. Егер сізде ауру симптом байқалса, дәрігерге немесе сенім телефонына қоңырау шалыңыз.

Медициналық масканы ұзақ уақыт қолдануға бола ма?

Медициналық масканы ұзақ кию қолайсыз болуы мүмкін. Дегенмен, ол көмірқышқыл газы мен оттегі жетіспеушілігінің салдарынан уландырмайды. Масканы қалыпты тыныс алуға мүмкіндік беретіндей етіп кию қажет. Бір реттік маскаларды қайта пайдаланбаңыз.

COVID-19 жұқтырғандар жазыла ма?


COVID-19 жұқтырған адамның көбі жеңіл немесе орташа симтомдарын сезінеді және терапияның дұрыс болуының арқасында жазылуы мүмкін. Егер сізде жөтел байқалса, дене қызуы көтеріліп, тыныс алу қиындаса, алдымен медицина мекемесіне телефонмен қоңырау шалып, мүмкіндігінше тезірек көмекке жүгіну қажет. Егер сіз безгек немесе денге тарайтын ауданда тұрсаңыз, температура жоғарылаған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз.

Алкоголь ішу COVID-19-дан қорғамайды деген қаншалықты рас?

Алкогольді жиі немесе шамадан тыс ішу денсаулығыңызға зиян, тіпті одан әрі нашарлатуы мүмкін.

Тепловизионды термометр COVID-19-дың бар-жоғын анықтайды ма?

Термовизионды термометрлер қызбаның болуын дұрыс анықтай алады (яғни қалыпты дененің температурасын). Термовизионды термометр COVID‑19-дың бар-жоғын анықтамайды.

COVID-19-ды емдейтін, алдын алатын препарат бар ма?

Гидроксихлорокин немесе басқа да препараттың COVID-19-ды емдей алатыны туралы еш дәлел жоқ. Гидроксихлорохинді дұрыс қолданбау денсаулыққа зиян, кейбір жағдайда өлімге әкелуі ықтиамл.

Сорпаға немесе басқа тағамға бұрыш қосу COVID-19-дан қорғамайды ма?

Тағамдағы ащы бұрыштың гастрономиялық артықшылықтары бар. Бірақ COVID-19-дың алдын алып, емдемейді. Жаңа коронавирустық инфекциядан қорғанудың жақсы әдісі басқалардан кемінде бір метр қашықтықты сақтау, сонымен қатар қолды жиі әрі мұқият жуу. Сонымен бірге ұйқыны реттеп, дене жаттығуларын жасап, дұрыс тамақтану керек.

Үй шыбындары COVID-19 тасымалдамайды ма?

Қазіргі уақытта үй шыбындарының COVID-19 жұқтыратыны туралы ешқандай дәлел де, ақпарат та жоқ. COVID-19 жөтел, түшкіру немесе сөйлесу кезінде пайда болатын аэрозоль тамшыларымен таралады.

Метанол, этанол және хлор COVID-19-дың емі деген қаншалықты рас?

Метанол, этанол және хлор – у. Оларды қолданатын болсаңыз денсаулығыңызға зиян келіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Кейбір уақытта тазартқыш құралдарға метанол, этанол немесе хлорды пайдаланады. Бұл жууға арналған заттарда вирусты жоюға мүмкіндік береді. Алайда адамға бұны қолдануға болмайды, себебі ішкі ағзаларға зиян тигізеді.

5G коронавирус таратады ма?

Вирустар радио сигналдармен немесе ұялы телефон толқындары арқылы жұқпайды. COVID-19 эпидемиясы 5G желілері қолданылмайтын көптеген елдерде таралды.

Ауа райы + 25°C градустан жоғары болуы вирустан қорғайды ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, күннің 25°C ыстықтан жоғары болса да, коронавирустың алдын алмайды.

Коронавирусты жұқтырған адам өмір бойы вирус тасымалдаушысы болады деген рас па?

COVID-19 жұқтырған адамдардың көпшілігі сауығып, вирус ағзадан кетуі мүмкін. Егер вирусты жұқтырсаңыз симптомдарды емдеу керек. Жөтел, дене қызуы жоғарыласа және тыныс алу қиын болған жағдайда медициналық мекемеге телефон арқылы хабарласып, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Материалдың жалғасы бар. Тым ұзақ болғандықтан екіге бөліп ұсынғанды жөн көрдік. Екінші бөлімін міндетті түрде оқуға кеңес береміз. Factcheck.kz сайтының телеграм және инстаграм парақшаларына жазылуды ұмытпаңыз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz