Алматыда болған жер сілкінісі Кемин ошағында болды ма?

4 наурызда Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Оқиғадан кейін Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Қанат Абдрахматовтың “Кемин жер сілкінісінің эпицентріне қатысы бар” деген пікірі медиада тарады.(1, 2) Деректі Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Қазақстан мен Қырғызстанда сезілген бүгінгі жер сілкінісіні 1911 жылғы Кемин жер сілкінісінің эпицентрінде болған. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Қанат Әбдірахматов мәлімдеді.

eadaily.com

Үкім: Дәлелденбеген

2024 жылдың 5 наурызында болған жер сілкінісінің эпицентрі 1911 жылғы Кемин зілзаласының эпицентрінен 5,91 км алыста орналасқан. Координаттары дәл келмейді. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев бұл оқиғаның жеке сейсмикалық оқиға ретінде қарастырылатынын айтып, мәлімдемеге мән берудің қажеті жоқ екенін айтты.

Толығырақ

2024 жылы 4 наурызда 42,93° солтүстік ендікте және 76,96° шығыс бойлықта 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. 1911 жылы Кемин жер сілкінісінінің координаттары 42,9° солтүстік ендік, 76,9° шығыс бойлық. Екі эпицентрдің арасы 5,91 км. Екі жағдайда да жер үлкен Кемин өзенінің бойында сілкінген. Сонымен қатар, Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы Алматы аумағында күшті жер сілкінісі күтілмейді (шамамен 70%) деген қорытынды шығарды.

Бұл жеке сейсмикалық оқиға ретінде қарастырылады. Бұрын да Кемин маңында бірнеше рет жер сілкінген. 1990 жылы да, 2015 жылы да дәл осы алаңда жер сілкінген. Кемин ошағының оянуы жай ғана болжам, оған мән берудің қажеті жоқ.

Сейсмологиялық байқылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев

Кемин жер сілкінісі

1911 жылы 4 қаңтарда Алматыда жойқын жер сілкінісі болған. Бұл тарихта “Кемин жер сілкінісі” деп аталады. Зілзала магнитудасы – 8,2 балл. Кемин ошағының тереңдігі 25 шақырым. Сол кездегі бағалау комиссиясының есебі бойынша 616 тұрғын үй қираған, жер сілкінгеннен кейін 301 ғимарат пен 121 сауда орны күрделі жөндеуді қажет етті. Алматы мен оған жақын орналасқан ауылдарда 44 адам қаза тауып, 108 адам жараланған. Алғашқы 6 айда 300-ден астам афтершок сезілген, оның 170-ке жуығы қаңтар айында болған. 1990 жылғы Орталық Сейсмологиялық бюросының зерттеуіне сәйкес, 1911 жылы Кемин ошағындағы жарылыстың толық ұзындығы батыстан шығысқа дейін 200 км-ге жеткен.

2024 жылы ше?

Қаңтардың 22-нен 23-не қараған түні Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кемин ошағынан 236 км алыста орналасқан (41,22° с.е 78,65° ш.б). 24 ақпанда болған 3 баллдық жер сілкінісінінің де Кемин аумағаны қатысы жоқ. Эпицентрлердің қашықтығы 247 км. Координаттары 41.04° солтүстік ендік, 78.55° шығыс бойлық. Бұл 2024 жылы болған 3 немесе одан да көп баллды жер сілкіністері.

Қазақстан шекарасындағы 2 балды құрайтын соңғы 5 жер сілкінісінің координаттары мен олардың Кемин ошағынан қашықтығы:

  • 6 наурыз сағат 05:09240 км (41,22 с.е, 78,73 ш.б)
  • 4 наурыз сағат 12:54227 км (41,22 с.е, 78,47 ш.б)
  • 23 ақпан сағат 15:08232 км (41,25 с.е, 78,63 ш.б)
  • 23 ақпан сағат 21:33230 км (41,22 с.е, 78,53 ш.б)
  • 22 ақпан сағат 05:26232 км (41,30 с.е, 78,72 ш.б)

Қазірге дейін Кемин ошағы маңында 1 ғана жер сілкінісі тіркелді (4 наурыз күні). Одан басқа сілкіністер болмаған. Қазақстандағы жер сілкіністері туралы толық ақпаратты мына материалдан оқи аласыз.

Factcheck.kz