Журналиске заңсыз үкім үшін моральдық өтемақы төленеді

Журналиске заңсыз үкім үшін моральдық өтемақы төленеді

Қазақстандық журналист қылмыстық іс бойынша заңсыз үкім үшін моральдық өтемақы алады. Бұл туралы «”Әділ сөз” бостандығын қорғау» ҚҚ президенті Тамара Калеева Facebook-те жеке парақшасында хабарлады. Жазбада:

“Алғаш рет! Журналистке заңсыз үкім үшін моральдық өтемақы төленеді. Петропавл қалалық №2 сотының судьясы Динара Испаева “Квартал” газетінің бас редакторы Елена Кузнецованың заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін 700 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы алу талабын қанағаттандырды» деп жазылған.

“Әділ сөз” қорының басшысының айтуынша, журналисті қудалауға өткен жылы жарияланған мақалалар себеп болған. Онда екі шаруа субъектілерінің арасындағы мүліктік келіспеушілігі туралы айтылды. Мақала кейіпкерлері Кузнецованы жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

“Наурыздың 15-і сот Сәуле Литфуллина айыптаушылардың дәлелдерін негізге ала отырып, бас редакторды пробациялық бақылаумен бір жылға бас бостандығын шектеді. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы маусымның 18-і қылмыс құрамын таппай, үкімнің күшін жойды. Осыдан кейін Е. Кузнецова моральдық өтемақы талап етіп, сотқа жүгінді”, – деді Тамара Калеева.

Осы жылдың сәуір айында “Настоящее время” порталының тілшісі Светлана Глушковаға да айыппұл салынды. Полицияға 17 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы құқық қорғау органдарына журналист оны итеріп жібергенін хабарлады. Глушкованың айтуынша, азаматша оның жұмыс істеуіне кедергі келтірген. Сол күні журналист Қазақстан астанасының атын өзгертуге қарсы наразылардың митингісін түсірген болатын.

Factcheck.kz