Жалған: 30 маусымнан бастап карантинді күшейтеді

Әлеуметтік желіде 30 маусымнан бастап карантинді күшейту туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратқа сәйкес шектеу белгісіз мерзімге қойылады. Алайда, баспасөз қызметінде ақпараттың жалған екенін хабарлады. Бұл жайлы BaigeNews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде ведомствоаралық комиссия бекіткен қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама таратылады. Бұл хабар — фейк және шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз

Жалған хабарда астанада, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында СОО, сауда үйлері, желілік дүкендерді жабады деп айтылған. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілеріне тек ашық алаңда жұмыс істеуге рұқсат етілетіні, қоғамдық көлік жұмысы шектелетіні, қоғамдық орындардың (саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер), фитнес-орталықтардың жұмыс істеуі тоқтатылады және 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Сонымен қатар, жалған хабарламада астанаға, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына кіру және шығуға тыйым салынатыны айтылған.