Зерттеу: Соңғы 10 жылда әлемде сөз бостандығының деңгейі төмендеді

Article 19 қоры әлемде сөз бостандығының деңгейі төмендегінен анықтады. Зерттеу 161 елдің 2018 жылға бірегей сапалы деректері және 2019 жылға арналған ретроспективті көзқарасы мен елдегі тендециялардың негізінде жасалды.

Қор зерттеушілері жалпы халық саны 5,5 млрд құрайтын 66 мемлекеттің көрсеткіштерін сараптады. Биыл сөз бостандығы мен ой еркіндігінің көрсеткіші соңғы 10 жылда ең төмен деп бағаланды.

Көптеген елдер өз халқының құқығын таптау үрдісін “қолдайды”. Бұл дегеніміз жер бетіндегі әрбір төрт адамның үшеуі өз пікірін еркін білдіре алмайды.

Үкімет наразылықтарды басу үшін әлі де мемлекеттік зорлық-зомбылық аппараты мен заң бойынша қудалауды пайдаланады. Журналистер, адам құқығының қорғаушылар түрмеде отыр, оларға қастандық жасайды, оларды жазықсыз өлтіреді.

Томас Хьюз, Article 19 атқарушы директоры

Article 19 мәліметтері бойынша 2015 жылдан бері журналистерді қорғау туралы өтінішпен Еуропа Кеңесіне сұраныс саны жыл сайын екі есеге артып отыр. Көбіне Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Украина және Франция елдерінен өтініш түседі. Мұндай сауалдардың 57% – ында басты қауіп мемлекет тарапынан болып.

2018 жылы 99 журналист өлтірілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 21-ге артық. Оның үстіне қылмыстың 95%-ы қылмыскер жазасыз қалады . 2018 жылдың соңында 250-ден астам журналист түрмеге қамалса, 321 құқық қорғаушы өлтірілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35 есе көп.

Мемлекеттердегі сөз бостандығының деңгейі Civic space (азаматтық кеңістік), Media (медиа), Transparency(ашықтық), Digital(цифрлы талдау), Prоtection(қорғаныс) көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Factcheck.kz