Зерттеу: Әрбір үшінші американдық фейк жаңалықты саналы түрде оқиды

Зерттеу: Әрбір үшінші американдық фейк жаңалықты саналы түрде оқиды

Pew Research Center АҚШ-тағы интернет-медиа нарығына кезекті зерттеу жүргізді. Орталықтың зерттеу нәтижелері бойынша американдық оқырмандардың үштен бір бөлігі фейк жаңалықтарды саналы түрде оқиды.

Жаңалықты онлайн көретін американдықтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2016 жылы олардың саны 28%, ал 2018 жылы 34% құрады. Сондай-ақ, сұралған американдықтардың 44%-ы ақпараттың қайнар көзі ТВ деп белгіледі.

Зерттеуге қатысқан американдықтардың 31%-ы ақпараттың жалған екенін біле тұра, саналы түрде оқитынын айтты. Әлеуметтік желілердің ішінде ақпарат көзі платформасы ретінде Facebook бірінші орында тұр. Сауалнамаға қатыстқан американдықтардың 43% – ы жаңалықты Facebook-те оқитынын айтты.

Алайда, американдықтар жаңалықты көбіне Facebook-та оқитынына қарамастан, тұрғындардың 57%-ы әлеуметтік желіде ақпаратты тексерілмеген деп есептейді.

Factcheck.kz