WhatsApp пандемияға байланысты қосымшада өзгерістер еңгізді

WhatsApp компаниясы өз блогында Covid19 пандемиясына байланысты желінің жұмысында өзгерістер еңгізгенін хабарлады.

Былтыр WhatsApp желісі жиі таратылатын хабарламаларға арнайы белгі орнатқан еді. Ол кезде компания желідегі қарым-қатынас құпиялығын сақтау үшін хабарларды жіберу мүмкіндігін шектеді. Яғни, бір уақытта хабарды тек 5 адамға таратуға болады. Бес реттен көп тараған хабар таңбаланады. Бұл таңба сізге бұл хабарды жіберген пайдаланушы оның авторы емес екенін білдіреді.

Енді «вирус» хабарды тек бір адамға бір рет жіберуге болады. «Вирус» хабарлама дегеніміз бес және одан да көп адамға жіберілген хабарламалар. Шектеу коронавирус пандемиясы кезінде дезинформациямен күресу мақсатында қойылды.

Factcheck.kz