Сингапурда фейк жаңалықтар туралы заң күшіне енеді

Сингапурда фейк жаңалықтар туралы заң күшіне енеді

Сингапурда технологиялық алыптар мен белсенділер тарапынан айтылған сынға қарамастан “жалған ақпаратпен” күресу туралы жаңа заң күшіне енді. Бұл жайлы The Guardian хабарлайды.

Енді заң министрлерге әлеуметтік желілердің сайтында жарияланған жалған деп есептейтін жазбаларға ескерту жасауға, ал кей жағдайларда ол жазбаларды мүлдем алып тастауға өкілеттік береді.

Азиялық штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Facebook,Twitter және Google-ға өзгерістерге бейімделу үшін уақыт берілді және компаниляр заңның бірнеше ережелерінен уақытша жеңілдіктерге ие болды.

Заңды бұзған жағдайда компанияларға 1 млн.швейцариялық долларға (720 000 АҚШ доллары) дейін айыппұл салынуы мүмкін, ал жеке тұлғалар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

Осыған дейін сингапурлықтар билікті “азаматтық еркіндікті шектейді” деп сынап келді. Ал билік қоғамда наразылық тудыруы және институттарға деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін жалған ақпараттың таралуын тоқтату үшін тиісті шара қолданғанын алға тартуда.

Алайда қоғам белсенділері жаңа заң онлайн-пікірталастарға, технологиялық компаниялар мен медиа-ұйымдарының жұмысына тосқауыл болады деп қауіптенеді.

New Naratif тәуелсіз медианың бас редакторы, журналист және белсенді Кирстен Хан заңнама “өте қауіпті”екенін айтты. Оның айтуынша заң жалпы болғандықтан оның қолдану аясын болжау қиын.

Жоба мамырда алғаш талқыланғанда Google компаниясы заңды “инновацияларға және сандық ақпараттық экожүйенің өсуіне зиян келтіреді” деп атады.

Factcheck.kz