Ресей COVID-19 вирусы мен адамдарды “чиптеу” туралы видеоларға пікір білдірді

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы коронавирус адамдарды чиптеу үшін жасалды деген видеолардың жалған екенін айтты. YouTube пен «Одноклассники» желісінде жарияланған видеоларда вирус адамдарды чиптеуге арналған биоқару ретінде жасалғаны айтылған. Алайда ДДСҰ да, Ресей үкіметі де вирус қолдан жасалды деген нұсқаны растамады.

Мамырдың 1-і режиссер Никита Михалков “Бесогон ТВ” бағдарламасында Билл Гейтстің адамдарды чиптеу және оларды жою жобасы туралы хабарлады. “Россия 24” телеарнасы бұл шығарылымның қайталануын эфирден алып тастады. Михалков мұны цензура деп атады.

Мәскеу прокуратурасы “Одноклассники” мен YouTube желісінде Мәскеу прокуратурасы «Коронавирус. Разоблачение», «АПОКАЛИПСИС СЕГОДНЯ | Метка дьявола чипизация планеты | часть 1» и «АПОКАЛИПСИС СЕГОДНЯ | Генетическое оружие | часть 3» деген видеолар тауып алды.

Видеоларда коронавирус “халықты чиптеу және жаһандық әлемдік тәртіпті орнату, вакцинация арқылы адамзатты жою” үшін қолдан жасалған биологиялық қару деп айтылған. Роликтерде коронавирустың таралуын нумерологиялық есептеулер арқылы болжауға болатыны айтылған.

Наурызда Бас прокуратура Роскомнадзорды Facebook, Twitter және “ВКонтакте” – дегі “коронавирусты” фейктерді өшіруді сұраған еді. Сәуір айының соңында Жоғарғы Сот адам коронавирус туралы жалған ақпарат таратқанын нақты білсе ғана жазалауға болатынын түсіндірді.

Factcheck.kz