OEF-2019: Экономика қайткенде ашық болады?

Алматыда 2-ші “Ашық экономика” форумы аяқталды. Форумда институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы талқыланды.

Форумның басты қонағы – SciencesPo университетінің профессоры Сергей Гуриев институттардың сапасы және олардың экономикалық өсуі мен теңсіздікке әсері жайында өз ойларымен бөлісті.

Не нәрсе экономикалық дамуды қамтамасыз етеді? Саяси биліктің есептілігін дамытатын институттар, бұл дегеніміз, экономикалық ойынның тұрақты ережелерін қалыптастыру. Егер жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші мен мемлекеттегі демоктратия корреляциясына қарайтын болсақ, біз мүлдем дерлік кедей демократиялы мемлекетті көрмейтін едік. 

Сергей Гуриев

1 панелдік сессияда транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі инстуционалды дамудың Қазақстанның мысалында талқылады. 

Спикерлер өтпелі экономикалы елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамудағы институционалды ортаның болуының жоғары дәрежелі маңыздылығы және Good Governance ұстанымдары негізіндегі экономикалық дамуды сөз етті. 

OEF-2019: Экономика қайткенде ашық болады?
ekonomist.kz

2 панелдік сессида көбіне экономикалық әл-ауқат, өмір сүру сапасы мен экономикалық дамудың жаңа тәсілдері айтылды. 

Экономикалық дамуды өлшеу және оған жетудің жаңа тәсілдемелері туралы сарапшылық талқылау және аудиториямен дискуссия болды. Қатысушылар өз азаматтарының ауқаттылығы мен дәулеттілігін қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы дамыған, алдыңғы қатардағы ел болу нені білдіреді деген тақырыпта сөз тарқасты. 

3 және 4 панелдік сессияда адами капитал мен теңсіздік тақырыптары қозғалды. 

Сараптамалық талқылау барысында халықаралық, аймақтық және отандық сарапшылар дамушы елдердегі жастардың экономикалық құқықтары, мүмкіндіктері және теңсіздіктің түрлі аспектілері мен халықтың барлық еңбекке жарамды топтарын өнімді экономикалық қызметке тарту жолдарын талқылады.

Форумға жалпы 7 елден (Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Украина) 30 спикер және 150-ден астам қатысушы жиналды.

“Ашық экономика” форумын Сорос-Қазақстан қоры мен Ekonomist.kz жобасы ұйымдастырды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz