Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөз сөйледі

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиянының отырысында денсаулық сақтау, білім және ғылым, ішкі істер министрлігтеріне тапсырма берді.

Оқшаулау шараларын күшейту

Вирустың таралуын тоқтату үшін азаматтарды оқшаулау шараларын күшейту қажет. Алматы қаласы және астана бойынша карантин аймағын толық қоршауды қамтамасыз ету, қалаға жаяу кіру мүмкіндігін болдырмау. Жақын арада басқа ірі елді мекендерді жабу қажетін анықтау керек. Ал карантинге орналастырылған адамдарға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жаза енгізу қажеті туындап тұр.

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында төтенше жағдай режимін бұзудың 18 фактісі анықталды.

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету

БАҚ-тың хабарлауынша Алматыны карантинге жапқаннан соң 19 және 20 наурызда қаладан 102 мыңнан астам адам, 15 мың автокөлік кетті. Бұл студенттер, қызмет көрсету саласының және сауда ұйымдарының қызметкерлері.

Жұмыссыз қалған жастарды көктемгі тасқынға қарсы, құрылыс және басқа да жұмыстарға жұмылдыру қажет. Жұмысына сай жалақы төленуі керек. Мұны “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында ұйымдастыруға болады.

Егін маусымының басталуын ескере отырып, жер мәселелері, суды бөлу және пайдалану негізінде қақтығыстар болуы мүмкін. Барлық алғышарттар туралы дереу хабарлауды сұрайды.

Халықты ақпаратпен қамтамасыз ету

Ақпарат және қоғамдық даму министрі 23 наурыздан бастап күн сайын брифинг өткізетін болады. Бұл ретте қолда бар барлық цифрлы ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Coronavirus2020.kz сайты арқылы қазақстандықтарды пандемия жағдайы және біз қабылдаған шаралар туралы хабардар ету қажет.

Сайт тексерілген және сенімді ақпараттың ресми көзі болуы тиіс. Бұл платформаны азаматтар арасында белсенді түрде жарнамалау қажет.

Мемлекеттік төлем

Карантин кезеңінде Алматы қаласында кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны 266 мың адамға қысқарды. Ал жеке кәсіпкерлердің 80% өз қызметін тоқтатты. Алдын ала есептеу бойынша, бұл жағадай 500 мыңға жуық қала тұрғынының қаржы жағдайына теріс әсер етті.

Сондықтан президент ТЖ кезеңінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға 1 ЕТЖ (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруды тапсырды.

Есеп бойынша бұл төлемді 1,5 миллион адам ала алады.

Factcheck.kz