Фотоға бірдей бұлттарды қосқан блогерге келісім-шарт ұсынылды

Фотоға бірдей бұлттарды қосқан блогерге келісім-шарт ұсынылды

Enlight Quickshot фоторедакторы тиесілі компания Тупи Саравиямен (Type Saravia) келісімшартқа отырды. Саравия фоторедактор арқылы өзінің суреттеріне бірдей бұлттарды қосып, өңдейтін еді. Бұл туралы BuzzFeed хабарлайды.

Комапния блогерге өзінің “бұлттар жиынтығын” жасауды ұсынды. Сонымен қатар, компания Саравияның оқырмандарынан жинаққа қосатын бұлттардың үлгілерін жіберуін сұрайды.

“Мен фотосуреттердегі аспанды тек Quickshot бағдарламасымен өңдеймін, сондықтан олармен жұмыс істеу, менің оқырмандарыммен бірге бұлттар жиынтығын жасау мен үшін қызық”, — дейді блогер.

Тамызда Twitter қолданушылары трэвел-блогер Тупи Саравианың суреттеріндегі аспанның, бұлттардың бірдей екенін көрген еді. Блогер суреттерін түрлі бағдарламамен өңдейтінін жасырмаған. Әлеуметтік желіде көзге түскеннен кейін, Саравияның парақшасына 34 мың жазылған.

Factcheck.kz