Facebook педофилдың аккаунтын бұзуға көмектесті

Facebook IP-ін жасырған, жас қыздарды аңдып, оларға қоқан-лоқы көрсеткен педофилдің аккаунтын бұзуға көмектесті. Компания киберқауіпсіздік бойынша компанияға ақша төлеп, одан зиянды бағдарламалық жасақтаманы жасауды өтінді. Бұл жайлы VICE хабарлайды.

2017 жылы 28 жастағы Калифорния тұрғыны интернетте аноним болып қалуға мүмкіндік беретін Tails операциялық жүйесінің көмегімен кәмелетке толмаған қыздарды аңди бастады. Төрт жыл бойы педофил хабарламалар, email және Facebook арқылы жас қыздарды қорқытқан.

Педофил қыздардан жалаңаш түскен фото мен видеоларын сұрап, бопсалаған. Сонымен қатар қыздарды өлтіремін, зорлаймын немесе мектебінде бомба жарамын деп қорқытқан.

Ол қолданатын операция жүйесі IP-ді жасырғандықтан, қылмыскерді ұзақ уақыт бойы ұстай алмаған. Компания Федералды тергеу бюросына көмектесу үшін, күдікті Бастер Эрнандестің (Brian Kil лақап атымен танымал) аккаунтын бұзды.

Facebook қауіпсіздік командасы Tails видеоплеерінің осал тұсын табуға арналған хакерлік құралды әзірлеу үшін бөгде фирмамен ынтымақтасады. Жүйенің осал тұсын тапқаннан соң, видеоны көріп отырған адамның нақты IP-мекенжайын анықтады.

ФТБ бұл құралды айғақ жинау және Эрнандесті тұтқындау үшін пайдаланды. Ақпан айында Эрнандес кінәсін мойындады.

Facebook қызметкерлерінің айтуынша компания құқық қорғау органдарына қылмыскерді осындай әдіс арқылы ұстауға бірінші рет көмектесіп отыр. Компания Tails әзірлеушілер тобына жүйені қалай бұзғанын ашып айтпады.

Factcheck.kz