Дэйв Уиллнер фейсбуктегі өзгерістерді “қорқақтық” деп атады

Дэйв Уиллнер фейсбуктегі өзгерістерді "қорқақтық" деп атады
сурет Newsroom сайтынан алынды, авторы Nick Clegg

10 жылдан бері Facebook-тің жұмыс істеу ережелерін жазуға көмектескен Дэйв Уиллнер саясаткерлердің мәлімдемесін тексермеу шешімін “қорқақтық” деп атады. Бұл жайлы Newsroom хабарлайды.

Вашингтонда өткен The Atlantic fest шарасында Уиллнер фейсбуктің платформадағы саяси пікірге қарым-қатынасы мен сайлауға сырттан араласуды алдын алу үшін компанияның қабылдаған шаралары туралы айтып берді.

Соңғы өзгерістер Facebook-тің сөз бостандығына, демократиялық процеске және саяси пікір ең сенімді әрі шынайы мәлімдеме болатын мемлекеттерге құрметін білдіреді.

Facebook саясаткерлердің зорлық-зомбылықты, қастықты қолдайтын, насихаттайтын мәлімдемелерін желіден өшіреміз деп уәде береді. Алайда, Уиллнер саясаткерлерге мұндай сарында мәлімдеме жасауға рұқсат беру қоғам үшін қауіпті дейді.

Уиллнер фейсбуктегі соңғы өзгерістер билік өкілдерін өздерін жоғары сезінуге ықпал етеді деп есептейді. Себебі, басқа желі қолданушыларына қойылған талапты, саясаткерлер айналып өте алады. Оның айтуынша Facebook бар жауапкершіліктен бас тартып, пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр.

“14 жасар тролльдің сөзін шектеу, алайда президентке дәл солай сөйлеуге рұқсат беру адамгершілікке жатпайды, бұл қорқақтық” дейді Уиллнер.

Factcheck.kz