ДДҰ Қытайдан шыққан короновирустың қаупін есептеуде қатесін мойындады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың жаһандық қауіп-қатерін бағалауға қатысты құжаттардағы қатені мойындады. Ұйымның айтуынша қауіп “орташа” емес, “жоғары”. Құжатта ДДҰ бағасы жүргізілген бағалау соңғы тексерістен бері өзгермегені айтылған.

“22 қаңтар: Қытайда өте жоғары, өңірлік деңгейде жоғары және жаһандық деңгейде жоғары”, – деп жазылған құжатта.

“23, 24 және 25 қаңтарда жарияланған жаһандық қауіп орташа ретінде көрсетілген есеп қате”,— дейді ДДҰ.

Контекст 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаудан бас тартты. Сарапшылардың пікірінше, мәселе жаһандық сипатқа ие емес.

Factcheck.kz