Apple ФТБ өтінішінен кейін iCloud пайдаланушыларының дерегін шифрлаудан бас тартты

Деректерді резервті көшіруге арналған iCloud қызметі шифрланбайды. Демек iCloud-да сақталған деректің бәрі арнайы қызметтер мен хакерлер үшін қолжетімді болып қалады. Бұл жайлы Reuters хабарлайды.

ФТБ-нің бір қазіргі және бұрынғы үш қызметкері мен Apple-дің бір бұрынғы және бір қазіргі қызметкерінің айтуынша, екі жыл бұрын компания құпия қызметке хакерлерге қарсы шара ретінде iCloud-қа шифрлау енгізетіні туралы хабарлаған.

Шифрлаудың нәтижесінде Apple iCloud-та сақталған деректерді оқи алмайтын еді. Алайда компания басшылығымен жеке кездесу барысында арнайы агенттер бұл өзгеріске қарсылығын білдірді.

Келіссөздерге қатысқан ФТБ бұрынғы қызметкерлерінің айтуынша, федералды тергеу бюросының кибер қылмыс бөлімінің агенттері Apple-ді шифрланбаған iCloud мыңдаған маңызды дәлелдер алуға көмектеседі деп сендірген.

Сондықтан iCloud-ты шифрлау жоспары орындалмады. Журналистер Apple және ФТБ-ден шифрлау жағдайы мен компанияның алдағы іс-әрекеті туралы түсінік беруін сұрағанда, екі ұйым да ештене айтпады.

Factcheck.kz