Apple алғаш рет CES көрмесінде құпиялылық туралы айтады

Apple қаңтардың 7-сі өтетін CES (Consumer Electronics Show) технологиялық конференциясына қатысады. Бұл конференцияға компания соңғы рет 1992 жылы қатысқан еді. Құпиялылық жөніндегі аға директор Джейн Хорват басқа компаниялардың өкілдерімен дөңгелек үстелде бас қосады. Бұл туралы CES сайтында айтылған.

Дөңгелек үстелде Хорватпен бірге құпиялылық мәселелерін Facebook және Procter&Gamble компанияларының топ-менеджерлері, сондай-ақ Федералдық сауда комиссиясының өкілі талқылайды. Талқылаудың басты тақырыбы клиенттердің саны мен сұраныстарын ескере отырып, оларды құпиялылықпен қамтамасыз ету.

Соңғы рет Apple бұл конференцияға 1992 жылы компанияның бұрынғы бас директоры Джон Скалли Чикагода КПК Newton-ды таныстырған кезде қатысқан еді. Қалған жылдары Apple конференцияны өткізу орындарының жанында билборд ілумен ғана шектелген.

2018 жылы компания “iPhone-дағы мәлімет, iPhone-да қалады” деген ұраны бар жарнама орналастырды.

Apple алғаш рет CES көрмесінде құпиялылық туралы айтады

CES – Consumer Electronics Association қолдауымен жыл сайын қаңтар айында Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтетін тұтынушылық электроника көрмесі.

Factcheck.kz