16.09 | Жапония үкіметінің отставкасы мен Алжирдегі қамалған журналист

Жапонияның ең ұзақ уақыт премьер министрі болған Синдзо Абэ денсаулығының нашарлауына байланысты қызметінен кетті. 65 жастағы министр биліктегі толық құрамымен кетіп, оның орнына Есихидэ Суга тағайындалды. Бұл туралы 16 қыркүйекте Жапония үкіметі басшысының кеңсесі хабарлады.

Абэ Жапония премьер-министрі ретінде ең ұзақ (2800 күннен астам) қызмет атқарған. Ол бірінші рет 2006 жылы премьер министр болып тағайындалды. Kyodo News хабарлағандай, Синдзо Абэ жаралы колитпен ауырады. 2007 жылы да осы ауру жұмысынан кетуге себеп болды. Бірақ денсаулығы жақсарған соң 2012 жылы қызметіне қайта оралды.

16.09 | Жапония үкіметінің отставкасы мен Алжирдегі қамалған журналист
Фото: ИЗВЕСТИЯ/Павел Бедняков

Саясаткер өзінің барлық күш-жігерін “ел экономикасын қалпына келтіруге” және «Жапонияның ұлттық мүддесін қорғауға» жұмсағанын айтты.

Ол өзінің орнына ​​Либералды демократиялық партияның (ЛДП) төрағасы Ёсихидэ Суганы ұсынды. Сәлден соң Токио Парламентінің төменгі палатасы премьер-министр қызметіне 71 жастағы Есихидэ Суганы сайлады.

16.09 | Жапония үкіметінің отставкасы мен Алжирдегі қамалған журналист
Ёсихиде Суга

Жапонияның бірінші премьер-министрі Ито Хиробумидан бастап есептегенде Ёсихиде Суга 99-шы премьер-министрі.

Германия канцлері Ангела Меркель Есихидэ Суганы Жапонияның премьер-министрі қызметіне сайлануымен құттықтады.

Токио университетінің политолог професcоры Коичи Наканоның айтуынша, Абэ қызметтен кеткен сәттен бастап Суга оның жоқтығын білдіртпей жұмысын лайықты түрде жалғастыра алады. Бұл туралы ол BBC-ге берген сұхбатында айтты.

Абақтыға қамалған журналист

Сейсенбідегі апелляциялық сот отырысында алжирлік журналист Халед Драрени екі жылға бас бостандығынан айырылды. Құқық қорғаушылар мұны “үкіметке қарсы наразылықтың салдарынан елдегі сөз бостандығына жасалған шектеу” деп атады. Бұл туралы Aljazeera.com басылымы хабарлады.

16.09 | Жапония үкіметінің отставкасы мен Алжирдегі қамалған журналист
Сурет: Getty Images. Халед Драрени Алжирдегі наразылық акциясы кезінде

40 жастағы Халед Драрени Casbah Tribune жаңалықтар сайтының редакторы және TV5 Monde Француз арнасының тілшісі. Ол тамыз айында Алжирдегі үкіметке қарсы наразылықтан ақпарат таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың ақпан айында Абдель Азиз Бутефликаның 5-рет президент сайлауына қатысуы Алжир халқының митингке шығуына себеп болды. Сегіз ай наразылықтан кейін Бутефлика биліктен кетті.

16.09 | Жапония үкіметінің отставкасы мен Алжирдегі қамалған журналист
Алжирдегі наразылық акциясы

2019 жылдың желтоқсан айында 74 жастағы Абдельмаджид Теббун президент болып сайланды. Наразылық акциялар Алжирде бір жылдан астам уақыт болып, наурызда коронавирус пандемиясы басталған соң тоқтаған.

Соңғы айларда Алжир сот органдары журналистерді, белсенділерді, саяси қарсыластар мен блогерлерге қарсы қысымды күшейтті. Журналистер құқығын қорғайтын халықаралық “Шекарасыз репортер” ұйымы журналиске тағылған айыппен келіспейтінін айтып, оны босатуды талап етті.

“Біз Алжир сотының соқыр табандылығына ашулымыз. Драрени 2 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды Шекарасыз репортер” ұйымының Бас хатшысы Кристоф Делуар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz