Фейк: Наурыз мерекесінде 10 күн демаламыз

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен “мереке күндерін көбейту туралы қаулы” жалған болып шықты. “Құжатта” қазақстандықтар 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері демалатыны жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фейк: Наурыз мерекесінде 10 күн демаламыз

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова әлеуметтік желілерде таратылған құжаттың фейк екенін хабарлады. “Электронды үкімет” сайтында жарияланған 2020 жылдың өндірістік күнтізбесіне сәйкес Наурыз мемлекеттік мереке ретінде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.

Мереке күндері жұмыс күні болып саналмайды. Ал егер мереке күндері демалысқа сәйкес келсе (сенбі, жексенбі), келесі жұмыс күніне көшіріледі.

Factcheck.kz