ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

Қазақстан Президентінің Іс басқармасы, міне, 4 жыл қатарынан мемлекеттік сатып алу аясында бір лот ұсынып келеді және оны жыл сайын тек бір компания ұтып алады. Ол – «Бурабай Даму» ЖШС. Әр жеңіс табысты деп айтуға болады, себебі конкурс қарсылассыз өтеді. Ал үнемі жеңіске жететін компанияны сол конкурсты ұйымдастыратын мекеменің өзі басқарады, яғни Қазақстан Президентінің Іс басқармасы. Өздері жариялайды – өздері жеңеді. Бұл мәселені арнайы Factcheck.kz үшін @protenge.kz жобасының авторы Джамиля Маричева зерттеп берді.

Бір қызығы, Қазақстан Президентінің Іс басқармасы «Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыруға» жауап беріп, бұл іске 2016 жылдан бастап жыл сайын жарты миллион доллар жұмсап келеді екен. Жыл сайын бұл лот туралы хабар мемлекеттік сатып алу сайтына жарияланады да, ол бәсекелі ортаға түскендей болады. Алайда жыл сайын бұл лотты жеңіп алуға келгенде басқа үміткер табылмай қалады. Конкурсқа басқа компания қатыспағандықтан, тек бір ғана мекеме жеңе береді.

2019 жыл. 180 725 000 теңге.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

Ашық конкурс қаңтар айында жарияланды, алайда нәтижесіз деп танылды. Себебі оған қатысу үшін тек бір ғана компания өтініш білдірген және ол – «Бурабай Даму» ЖШС. Ақпан айында да түк шықпайды, ал наурыз айында бәрі сәтті өтіп, «Бурабай Даму» компаниясымен келісімшарт жасалады. Осы орайда лоттың сомасы да азаймайды. Бәсеке жоқ жерде үнемдеудің де қажеті шамалы дегендей.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

2018 жыл. 154 166 964.29 тиын.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

2018 жылғы лотты 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ұсына бастайды. Әдеттегідей, алғашқы екі конкурс сәтсіз аяқталды.

«№15472042-ОК1 лоты бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыруға бағытталған қызмет бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеді деп танылсын, себебі конкурсқа тек бір өтініш келіп түсті», делінген хаттамаларда.

Барлық конкурста тек бір ғана қатысушы болды, ол – «Бурабай Даму». Тағы да әдетке айналғандай, компания лотты үшінші талпыныстан ұтып алды.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

2017 жыл. 153 991 071.43 тиын.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

Лот соңғы тиынға дейін екінші талпыныстан «Бурабай Дамуға» беріледі.

2016 жыл. 163 100 000 теңге.

ҚР Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік сатып алуды қалай жүргізеді?

Лот жеңімпазы – «Бурабай Даму». Компаниямен қайта өткен конкурстан кейін «бір көзден алу» әдісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Егер «Бурабай Дамудың» gosreestr.kz сайтында жарияланған жарғысына зер салып қарайтын болсақ, онда бұл ЖШС-ның жалғыз иесі ретінде мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті атынан), ал басқарушысы ретінде Қазақстан Президентінің Іс басқармасы аталады.

Компания 2015 жылы Үкімет Қаулысының негізінде құрылады да, оның жарғылық капиталына 3 миллиард теңгеден астам ақша құйылады. Қазақстан Президентінің Іс басқармасы сайтында «Бурабай Даму» туристік қызмет атқаратыны да жазылған:

«Бурабай Даму» ЖШС миссиясы Щучье-Бурабай курорттық аймағының тартымды туристік имиджін қалыптастыруға, барлығына қолжетімді сапалы демалысты ұйымдастыруға барынша ықпал ету. «Бурабай Даму» ЖШС ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және ассортиментін кеңейту есебінен курорттық аймақта туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде».

Яғни Үкімет Президент Іс басқармасының ұсынысымен қымбат компания құрады. Ал ол іс жүзінде велосипед пен конькиді жалға берумен, жергілікті мұражай мен хайуанаттар паркін басқарумен айналысып, жылына екі рет аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастыра алатын фестивальдер өткізеді.

2018 жылғы аудиторлық есептегі мәліметтерге сүйене отырып, «Бурабай Даму» қызметінің ауқымы мен туристік имиджді қалай қалыптастыратынын көруге болады.

«Сатып алынған негізгі құралдар: 4 миллион теңге тұратын 5D кинотеатр, экстрим парк (төбешіктен сырғанау) – 43,6 миллион теңге, балықшылар ауылы – 12,5 миллион теңге, қысқы этноауыл – 10,7 миллион теңге…», – деп жазады аудиторлар.

Бұл ретте компания пайда әкелмейді. Gosreestr.kz сайтының мәліметі бойынша, «Бурабай Даму» ЖШС алғашқы екі жылда шығынға батқан, ал соңғы екі жылда 8 миллион теңге шамасында пайда тапқан.

Factcheck.kz