Қазақстандағы еңбек мигранттары: полиция пресс-релиздеріндегі мифтер

10 қаңтардан бастап республикада еңбек мигранттарын қабылдаудың жаңа ережесі іске қосылды: бұдан былай визасы жоқ азаматтар Қазақстанда жарты жыл ішінде 90 күннен артық бола алмайды. Осы арқылы Ішкі істер министрлігі көршілеріміздің Қазақстан аумағындағы заңсыз еңбек етуіне тоқтау салғысы келеді. Мигранттардың екінші категориясының да республикаға кіруі қиындатылды – шетелдік жұмыс күшін тарту квотосын бірден 40%-ға төмендетті.

Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына келген жұмысшылар мен тұрғындар арасындағы жанжал себеп болды. Өткен жыл Теңіз кен орнында ресми жұмыс істеп жатқан қазақстандықтар мен араб мемлекеттерінің азаматтары арасындағы қақтығыспен есте қалды. Республиканың батысындағы бүлік фейктердің туындауына себеп болып, шетелдіктер тарапына түрлі сөздер айтылды.

ІІМ халықтың санасын улайтын пікірге қарсы тұрмағанымен қоса, біліп яки білмей Азия елдерінен келген мигранттарға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі стереотиптердің қалыптасуына себепші болып жатыр. ІІМ баспасөз қызметі, Қазақстанның 14 облысындағы, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы полиция департаменттерінің дискурс-анализ хабарламалары қазақстандықтар арасындағы мақсатты топтың беделін төмендетті. Баспасөз релиздерінде айтылған полицейлердің тезистері қаншалықты рас және әділ екенін FactCheck.kz тексерді.

Пікір: Миграция процестері Қазақстан үшін ұйымдасқан қылмыс пен есірткі тасымалы сияқты қауіп төндіреді

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

Көші-қон саласындағы құқықбұзушылық саны қылмыстық топтар жасаған қылмыс санымен ғана сәйкес келеді. Дегенмен, бұл тек сандық көрсеткіш.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика мәліметі бойынша, 2019 жылы құқыққорғау органдары қылмыстық топ, қоғам немесе ұйым жасаған 310 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеді. Сонымен қатар былтыр 392 баптың 276 фактісіне қатысты қылмыстық істердің жүргізілуі аяқталды (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту)

Сол кезеңде ҚР ҚК 297 бап бойынша 805 құқықбұзу фактісі аяқталды. (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)

Пікір: Шетел азаматтарының ішінде миграция ағынының өсуі – республикадағы қылмыстық құқықбұзушылықтың өсуінің обьективті факторы

Үкім: Жалған

Ұлттық экономика министрілігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылдан бері Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны жыл сайын артып жатыр. Кей кезде өсім 1%-дан сәл көп болса, кей жылдары 18%-дан асып кетеді.

migrationKZ

Сол аралықта, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің  мәліметінше, басқа елдің азаматтары жасаған қылмыстық құқықбұзушылық саны 2017 жылдан бері жыл сайын қысқарып жатыр.

Шетел азаматтары жасайтын тәртіпсіздік үлесі жалпы мөлшердің 2,5-3%-ы: 2016 — 2,6%, 2017 — 2,8%, 2018 — 3%, 2019 — 2,6%.

Пікір: Еңбек мигранттарының кейпін жамылып республикаға «ыстық нүктелерден» шыққан деструктивті ағым өкілдері де кіреді

Үкім: Манипуляция

Соңғы бес жылда 722 адам экстремизм мен терроризмге қатысты (ҚР ҚК 174, 256, 257 бап) құқық бұзған. Олардың 17-інде ғана (жалпы құқықбұзушылардың 2,4%-ы) басқа елдің азаматтығы бар. 2016 жылдан бері олардың саны төмендеп жатыр.

Көрсеткіш  20152016201720182019
 174 бапты бұзған шетел азаматтарының саны (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру)  – 31
  256 бапты бұзған шетел азаматтарының саны (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру)  – 2233
  257 бапты бұзған шетел азаматтарының саны (Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу)  3
 174, 256, 257 баптарды бұзған адамдардың жалпы саны66139193182142
qamqor.gov.kz мәліметі бойынша

Пікір: Мигранттар – Қазқстандағы ұрылардың, алаяқтардың, сутенерлер мен арам пиғылды жұмыс берушілердің жиі құрбаны болады

Үкім: Манипуляция

2019 жылғы ұрлық, алаяқтық пен қарақшылық құрбандары ішінде расымен шетел азаматтары көп, бірақ басқа да әлеуметтік топтар – мәселен, әйелдер мен зейнеткерлер де аталған қылмыстардан жиі зардап шеккендер қатарында.

 Шетел азаматтары  ӘйелдерЗейнеткерлер
188 бап бойынша зардап шеккендер саны (Ұрлық)    2281  64538  4153
190 бап бойынша зардап шеккендер саны (Алаяқтық)    573  16487  720
293 бап бойынша зардап шеккендер саны (Бұзақылық)    215  1294  63
191 бап бойынша зардап шеккен (Қарақшылық)    179  2657  213
345 бап бойынша зардап шеккендер саны (ЖЖҚ бұзу)    152  1658  264
qamqor.gov.kz  мәліметі бойынша

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz