ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 24 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан мәлімдемесін тексеруді жалғастырамыз.
Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 338 мың мұғалімнің 27 пайызы зейнет және зейнет алды жасындағы адамдар
Үкім: Шындық әрі манипуляция
ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ақпараттық-Талдау орталығының “ҚР Білім беру жүйесінің статистикасы” атты ұлттық жинағында жалпы білім беретін мектептегі оқытушы саны – 338 755 екені көрсетілген.
Зейнет жастағы мұғалімдер саны – 19 814, ал 55-пен 59 жастан жоғары ұстаздар саны – 42 269. Пайыздық есеппен 18,3 болады. Бұл көрсеткіш Президенттің мәлімдемесіндегі 27 пайыздан төмен.
Сондай-ақ, Президент 50 жастан жоғары ұстаздарды қосып айтқанның өзінде пайыздық есеппен 29,9 болады. Ал бұл цифрлар мәлімдемедегі пайыздық есептен көбірек.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.