Ұлытау облысына 171 млрд теңге инвестиция құйылды ма?

8 қаңтарда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу барысында облысқа 171 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты. Мәжіліс төрағасының сөзі рас па? Factcheck.kz тексерді.

Мәлімдеме: Облысқа тартылған инвестиция ауқымы 171,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд-қа өскен.

Ерлан Қошанов

Қосымша: 2023 жылы қаңтар-қарашасында Қазақстанға салынған инвестицияның жалпы сомасы 15 292 484 053 000 теңге болды. Ұлттық статистика бюросының ақпараты сәйкес, ең көп инвестиция құйылған өңір —  Атырау облысы. Бұл аймаққа 2023 жылы 2 695 569 852 000 теңге инвестиция салынған. Астанаға 1 294 896 647 000, Алматыға 1 533 212 502 000 теңге инвестиция тартылған.

Мәлімдеме: Құрылыс жұмыстарының көлемі 85,6 млрд теңгені құраса, пайдалануға берілген тұрғын үй нысандары 67 мың шаршы метрді құрайды.

Ерлан Қошанов

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Ұлытау облысына құрылыс жұмыстарының көлемі 85 579 153 000 теңге болды. Пайдалануға берілген тұрғын үй нысандары 67 мың шаршы метрге жетті. 

Қосымша: Бұл аспекті бойынша Ұлытау облысында өсім жоқ. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 85 458 889 000 теңге болған. Сонымен қатар, бұл критерийде де Ұлытау ең аз ақша бөлінген облыс.

2022 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй нысандары 42 мың шаршы метр еді. 1 жыл ішінде 25 мың шаршы метрге өсім бар.

Factcheck.kz