Фактчек | Тоқаев: Қазақстанның жарты байлығы 162 адамға тиесілі

2022 жылғы 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнеспен кездесуінде былай деді:

«Халықаралық эксперттер (атап айтқанда, KPMG) Қазақстанның жарты дәулетіне 162 адам ғана иелік ететінін мәлімдеді. Ал халықтың жартысының ай сайынғы кірісі 50 мың теңгеден аспайды!»

Мәлімдеме дерегін тексерейік.

Мәлімдеме: Халықаралық эксперттер (атап айтқанда, KPMG) Қазақстанның жарты дәулетіне 162 адам ғана иелік ететінін мәлімдеді.

Үкім: Шындық

KPMG-дің «Қазақстандағы тікелей инвестиция нарығы» зерттеуінде Credit Suisse институты зерттеуінің деректеріне сілтеме жасап, Қазақстанда 162 адамның жағдайы 50 млн. АҚШ долларынан асатынын хабарлады. Оның бәрін қосқанда халықтың жалпы байлығының 50%-іне жуық болып шығады.

Бұл есеп 2018 жылғы деректерге сүйеніп жасалып, 2019 жылы жылы жарияланған.

Фактчек | Тоқаев: Қазақстанның жарты байлығы 162 адамға тиесілі
KPMG талдауының иллюстрациясы

Мәлімдеме: Халықтың жартысының ай сайынғы кірісі 50 мың теңгеден аспайды

Үкім: Шындыққа жақын

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның жан басына шаққандағы үй шаруашылығы табысы талдауының дерегінен белгілі. Президенттің айлық туралы емес, дәл кіріс жайында айтып жатқанын еске салайық. Солайша, есеп бойынша, Қазақстандағы бір үй шаруашылығы мүшесінің орташа табысы айына 57 725 теңге болып отыр. (Жұмыс істейтін халықтың орташа кіріс көрсеткішімен шатастырмау керек).

Фактчек | Тоқаев: Қазақстанның жарты байлығы 162 адамға тиесілі
Есеп 2019 жыл дерегіне сүйеніп жасалып, 2021 жылы жарияланды.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz