Фактчек | М. Сейсембай: Жыл сайын дүние жүзіндегі адам 80 млн-ға көбейіп жатыр

26 қаңтарда белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өзінің ютуб каналында “Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетудің алдында тұр. Не істеу керек?” атты видеосында бірнеше мәлімдеме жасады. Factcheck.kz Марғұлан Сейсембай айтқан мәлімдемесінің қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтап көрді.

Жыл сайын дүние жүзіндегі адам саны 80 млн адамға көбейіп жатыр

М.Сейсембай

Үкім: Шындық

Worldometers.info БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік мәселелер департаментіне сілтеме жасай отырып, жыл сайын әлемдегі адам санының өсімі қаншаға артқанын көрсеткен. Марғұлан Сейсембайдың статистикалық деректері мен ресми деректер үндес, бірақ айырмасы да жоқ емес. Кестедегі статистика көрсеткіші мынадай:

  • 2019 – 82 377 060
  • 2018 – 83 232 115
  • 2017 – 83 836 876
  • 2016 – 84 224 910
  • 2015 – 84 594 707

Жалпы адам саны 8 млрд адамға жақындап қалды

М.Сейсембай

Үкім: Жартылай шындық

Worldometers.info мәліметінше (материал дайындалған уақытта) қазіргі таңда адам саны 7 764 101 000-ды құрайды. БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік мәселелер департаментінің болжамы бойынша 8 млрд адамға 2023 жылы жетеді деп күтілуде.

Қытай жыл сайын 7,5 млн адамға өсіп жатыр.

М.Сейсембай

Үкім: Жартылай шындық

Бұл жерде де Марғұлан Сейсембайдың дерегінде қателік бар. Қытайда жыл сайын 7,5 млн емес, одан аз екенін аңғаруға болады. Қытайда адам санының өсуіне байланысты соңғы бесжылдық көрсеткіші:

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz