Депутат Айқын Қоңыровтың білім беру саласына қатысты мәлімдемесіне фактчек

29 қаңтарда ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премьер-Министр А. Маминге ҚР-ның білім беру саласында рейтингтің нашарлауына байланысты бірнеше мәлімдеме жасады. Factcheck.kz депутаттың айтқан мәлімдемесінің рас-өтірігін анықтады.

Соңғы рейтинг қорытындысы бойынша біз нәтижелердің айтарлықтай нашарлауын аңғардық. Қазақстан математикадан 54-орында, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша 78 елдің ішінде 69-орында.

А. Қоңыров

Үкім: Жартылай шындық

Депутат білім беру бойынша рейтингін айта отырып, айтарлықтай қателеспеді. 2018 жылғы PISA-ның мәліметтері бойынша Қазақстан математикадан 423 балл (53-ші орын), оқу сауаттылығы бойынша 387 балл (69) және жаратылыстану бойынша 397 балл (68) жинады.

Алайда, нәтиженің төмендеуі тек оқу және жаратылыстану бағыты бойынша нашарлағанын атап өткен жөн. Математикадан керісінше өсу қарқыны байқалады.

Combined_Executive_Summaries_PISA_2018

Біз оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылығы деңгейі бойынша соңғы қатардамыз.

А. Қоңыров

Үкім: Шындық

Айқын Қоңыров бұл жолы да қателеспеді. ICILS (International Computer and Information Literacy Study) зерттеуіне тіркелген елдермен салыстырғанда, Қазақстан 14 мемлекеттің арасында соңғы орында тұр.

Жаһандық инновация индексінде Қазақстан 2019 жылы 79-орында болып, 2018 жылмен салыстырғанда 5 орын артқа жылжыды.

А. Қоңыров

Үкім: Шындық

Расымен 129 елдің ішінде жаһандық инновация индексінде Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 5 орын артқа жылжып, 79-орында тұр.

  • 2019 – 79 орын
  • 2018 – 74 орын
  • 2017 – 78 орын

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz