Илон Маск адамның Айға қонғанына күмән келтірді ме?

Желіде танымал кәсіпкер Илон Масктың бір видеосы тарады. Онда ол NASA-ның 1969 жылы Айға қонғанына күмән келтіріп отыр деседі. Reuters ақпарат агенттігі бейнені тексерді.

Роликте қара футболка мен қою жасыл күртеше киген Маск бейнеленген.

«Осындай жетістікке сол заманның технологиясы арқылы қол жеткізе алатынымызға сену қиын», – дейді ол.

Бұл видео X және Facebook желісінде жарияланды.

Дегенмен фактчекерлер видео өңделген деген қорытындыға келді. Түпнұсқасы YouTube арнасына 2023 жылғы маусымда жүктелген. Онда Маск Эдисон электротехника институтының жыл сайынғы отырысында америкалық Edison International энергетикалық компаниясының президенті және бас директоры Педро Писарромен сөйлесіп отырғаны көрсетілген.

Видеоның 48 минуттың 16 секундында және 48 минуттың 58 секундында көрсетілген Масктың қол қимылдары тарап жүрген кадрдағыға ұқсайды.

Шындығында Маск «Біз (адамзат – ред.) әлемді және ондағы өз орнымызды жақсырақ түсіну үшін сананың ауқымын кеңейту керек» деп ұмтылыс мәселесін талқылаған. Видеода ол айға қатысты ақпаратқа күмән келтірмейді. Маск пен Писарроның әңгімесі негізінен электркөліктердің болашағына арналды.

Өңделген ролик ең алғаш 2023 жылғы қазанда TikTok-қа шықты. Хэштегтердің арасында «deepfake» және «ai» сөздерін көруге болады, ал оны жүктеген парақшаның атауы жасанды интеллектің қолданылғанын білдіреді – «deepfakechad».

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz