Желіде ғалымдардың генетика материалдарын пайдалану арқылы жер бетінен жойылып кеткен жүнді мамонттарды “реинкарнациялауды” қолға алғаны туралы ақпарат тарады.
Snopes фактчекерлері мағлұматты тексерді.
2023 жылғы қаңтардың соңында бірқатар медиада ғалымдар мен кәсіпкерлер тобының жойылған мамонттарды қайта тірілтуге тырысып жатқаны жөнінде ақпарат жарияланған. Мысалы, бұл туралы Popular Mechanics басылымы жазды. Энтузиаст ғалымдардың басын Техастағы (АҚШ) Colossal компаниясы біріктірген. Компанияның ресми сайтында 2027 жылға қарай зертханада жүнді мамонтқа өте ұқсас тіршілік иесі жасалатыны айтылған.
Colossal-дің жойылып кетуге қарсы маңызды жобасы жүнді мамонттың қайта тірілуі, дәлірек айтсақ, жүнді мамонттың барлық негізгі биологиялық ерекшеліктері бар суыққа бейімделген піл болады. Ол жүнді мамонт сияқты жүреді, мамонт сияқты көрінеді, мамонт сияқты естіледі, бірақ ең бастысы, ол бұрын мамонт тастап кеткен экожүйеде өмір сүре алады.
“Жүнді мамонтты қайта тірілту, дәлірек айтсақ, жүнді мамонттың барлық негізгі биологиялық ерекшелігі бар суыққа бейімделген піл — Colossal-дың жойылып кетуге қарсы маңызды жобасы. Ол жүнді мамонт сияқты жүреді, түрі, дауысы мамонтқа ұқсайды, бірақ ең бастысы, ол бұрын мамонт тіршілік еткен экожүйеде өмір сүре алады”.
Colossal компаниясын Гарвард генетигі Джордж Черч пен кәсіпкер Бен Лэмб құрды және компания ресми түрде 2021 жылғы қыркүйекте қызметіне кірісті. Черч генді өңдеудің CRISPR технологиясын қолданған пионер саналады. Бұл техниканың негіздері компания сайтында баяндалған:
“CRISPR — ядро ішіндегі белгілі бір ДНҚ кодын тану және бөлу үшін қолданылатын дамыған жасуша технологиясы. Бұл ДНҚ бөлінгеннен кейін оған ДНҚ-ның зертханалық модификацияланған нұсқасы енгізіледі”.
Черч және оның командасы бағдарлама жасақтамасы мен қалпына келтірілген генетика үлгілерін қолданып, азиялық және африкалық піл мен жүнді мамонт арасындағы негізгі генетика айырмашылығын анықтады. The New York Times басылымының хабарлауынша, ғалымдар африкалық пілдің геномының бір бөлігіне жүнді мамонттың қалпына келтірілген ДНҚ-сын енгізіп, эмбрион жасауды жоспарлаған. Кейін эмбрион жасанды жатырда инкубацияланады.
Черч алғашқыда эмбриондарды суррогат аналық пілдерге имплантациялауды ойлаған, бірақ кейін бұл идеясынан бас тартты. Ол бұрын-соңды ешкім жасамаған пілдерді экстракорпоральды ұрықтандыруды жүзеге асырса да, мамонттардың табынын құру қиынға соғады. Себебі ол үшін көп суррогат аналық піл қажет.
Оның орнына дәрігер дің жасушаларынан өсірілетін жатыр тінімен қапталған жасанды мамонт жатырын жасауға шешім қабылдады.
Компания Арктикада генетика жолымен қалпына келтірілген мамонттың реинтродукциясы климат пен экологияға оң әсер беретінін мәлімдеді.
Алайда кей ғалым мамонттарды қайта тірілту идеясына күмәнмен қарайды. Бұл туралы да New York Times мақаласында жазылған.
Дегенмен Snopes факчекерлері кейбір ғалым мамонттарды қайта тірілтуге немесе мамонт гендері бар жануарларды жасап жатқаны туралы ақпараттың рас екенін хабарлады. Мұндай мәлімдеме жасаған Colossal да — шынайы компания.