Бразилиялық өрмекші шақса, төрт сағаттық эрекция бола ма?

2023 жылы 14 тамызда Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі First Doctor парақшасы “Бразилиялық кезбе өрмекшінің шаққанынан төрт сағат эрекция болуы мүмкін” деген ақпарат жариялады. Автор мәлімдемесін “эксклюзив жаңалық” деп атады. Snopes басылымы деректі тексерді.

Фактчекерлердің айтуынша, бұл мәлімдеме экслюзив те, жаңалық та емес. Дегенмен Phoneutria nigriventer-нің шаққанынан приапизм деп аталатын ұзақ әрі қауіпті эрекция болуы мүмкін. Мысалы, 1971 жылғы «Улы жануарлар және олардың уы» деген кітапта осы өрмекші тышқандар мен иттерді шақса, приапистикалық әсер болатыны жазылған.

Оған қоса өрмекші уындағы химиялық зат салдарынан улану я болмаса өлім қаупі жоғары болса, оны эректильді дисфункцияның (ЭД) потенциал терапиясы ретінде қолдану мүмкін емес. Алайда оны зерттеу терапиялық әсері бар ұқсас химиялық заттарды жасауға көмектеседі.

ЭД-ны емдеу үшін қолданылатын табиғи токсин виагра сияқты қолданыста бар басқа заттарға қарағанда басқаша әрекет етеді. Бұл туралы 2011 жылы NBC News материалында айтылды.

Factcheck.kz