АҚШ өзге ғаламшарлықтардың барын мойындады ма?

27 шілдеде Facebook-те “АҚШ өзге ғаламшарлықтардың барын мойындады, бірақ мұны ешкім елемеді” деген ақпарат жарияланды. USA Today фактчекерлері мәлімдемені тексеріп көрді.

Жазбада 26 шілдеде өткен Палата өкілдерінің ішкі комитетінің тыңдауында бұрынғы үш әскери қызметкердің беймәлім ұшқыш нысаны туралы айтқаны меңзелген.

Бұл іс-шараның мақсаты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларды талқылау болды. Дегенмен оған қатысқан спикерлер “мемлекет түсініксіз құбылыстарға қатысты ақпаратты жасырып қалуға тырысып жатыр” деп мәлімдеді.

Бұрынғы барлау офицері Дэвид Груш NewsNation-ға берген сұхбатында бұрын айтылған мәлімдемелерді қайталады және беймәлім ұшқыш нысаны мен өзге ғаламшарлықтарды зерттейтін, реинжинириңгімен айналысатын мемлекеттік бағдарламаны білетінін айтты. Оның сөзінше, АҚШ үкіметі өзге ғаламшарлықтар туралы 1930 жылдан бері біледі және оларды “биоматериалдар” деп атайды.

Бірақ Конгресстегі куәгерлердің айғағы үкіметтің мойындауы емес. Пентагон да Груштың мәлімдемесін жоққа шығарды.

Қорғаныс департаментінің өкілі Сью Гог Associated Press агенттігіне тергеушілер «жерден тыс материалдарды иеленуге не қайта құруға қатысты бұрын я қазір қандай да бір бағдарламалар бар» деген мәлімдемені растайтын ақпаратты таппағанын айтты.

Барлық ортадағы аномалияларды талдау кеңсесінің басшысы (Пентагон бөлімшесі) Шон Киркпатриктың айтуынша, бұл мәлімдеме – осы феноменді зерттеп жүрген мемлекеттік қызметкерлерді “ренжітетін” дүние. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Фактчекерлер материалды жазып жатқанда осы ақпаратты жариялаған авторларға сауал жолдап көрді, бірақ ешқайсы жауап қатпады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz