Жартылай шындық | Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы түскен

12 қыркүйек күні primeminister.kz сайтында Ұлттық экономика министрінің мәлімдемесі жарияланды:

«Сегіз айдың қорытындысы бойынша, көптеген азық-түлік түрі бойынша 0,9% дефляция байқалды. Сегіз айдағы инфляция мөлшері 7% екенін білесіздер. Азық-түлікке жатпайтын тауар және қызмет есебінен 0,1% өсім болды. Ал азық-түлік тауарлары бойынша дефляция байқалды. Бірқатар тауардың бағасы өсті, бірақ, тұтастай азық-түлік нарығын алатын болсақ, баға түсті»,

– деді Үкімет отырысында Тимур Сүлейменов.

Скрин primeminister.kz сайтынан

Біз министрдің сөзін тексеріп көрген едік.

Үкім: Жартылай шындық

Сауда желілері берген мәліметтерге, соның ішінде бізге мәлімет ұсынған «Рамстор» желісіне сүйенсек, жыл бойы кейбір әлеуметтік маңызы бар отандық өнімдердің бағасы көтерілген. Қымбаттаған тауарлар қатарында жұмыртқа, айран, вермишель, ірімшік, күріш және өсімдік майы бар. Алайда, ресми статистикалық мәліметтер Сүлейменов мырзаның сөзімен сәйкес келеді – баға шынында да түскен.

Есептеу әдісін салыстырсақ…

Жыл басынан бастап кейбір әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасы шынында да түскенін байқаймыз.

www.stat.gov.kz деректері бойынша
www.stat.gov.kz деректері бойынша

Нарықтағы баға мен статистика неге сай емес?

Сөйтсек, түйткілдің бәрі есептеу әдісінде екен.

Бағаның базалық индекс көрсеткіші ұзақ мерзімге арналған негізгі бағаны есепке алады, ал ол экономикадағы сұраныстың жағдайын және маусымдық, белгілі бір оқиғаларға орай немесе кездейсоқ факторлардың бағаға ықпалын, сонымен қатар бағаға әкімшілік ықпалды көрсетеді.

Статистика комитетіндегілердің айтуынша, 2017 жылдың мамыр айынан бастап азық-түлік себетінің құрамы өзгерген (сондықтан былтырғы желтоқсан айындағы баға индексі қайта есептелген).

Сондай-ақ…

Бағаның өзгерісі көп жағдайда біз сатып алатын өнімдерге байланысты (және сауда нүктелеріне). Яғни, жоғары сапаға жататын жұмыртқаны сатып алсаңыз, бағаның өскенін байқайсыз. Ал бірінші немесе екінші сұрыпты жұмыртқа алсаңыз, бағаның түскенін көресіз.

Снежана Цой
Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope